Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2357 0 пікір 25 Мамыр, 2009 сағат 19:49

Ақтау прокуратурасы итбалықтардың жаппай қырылу оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады

Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ – Ақтаудың табиғат қорғау прокуратурасы итбалықтардың жаппай қырылу оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Баспасөз мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, қылмыстық іс биылғы жылдың 14 мамырында қылмыстық кодекстің 289-шы бабы (жануарлар әлемін қорғау ережелерін бұзу) бойынша қозғалды. Іс алдын ала тергеу жүргізу үшін облыстық ІІД-нің тергеу басқармасына жолданды.
Бұрын хабарланғандай, 12 мамырда шекара қызметінің жағалау күзетінің қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауынан 218 итбалықтың қатты бүлінген өлексесін тауып алған.
Оқиға орнына Маңғыстау облыстық прокуратурасының қызметкерлері мен өкілетті мемлекеттік органдардың мамандары барып, Каспий теңізінің аумағын Баутин қосынан Үрдік жеріне дейін, жалпы ұзақтығы 25 шақырым жерді зерттеген.
Ауыл шаруашылық министрлігі аймақтық басқармасының мамандары зертханалық сараптама жүргізу мақсатында итбалықтардың өлекселерін тәркіледі. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау басқармасының қызметкерлері құрамында мұнай өнімдерінің, ауыр металдардың тұздары және басқа да ластаушы заттардың бар-жоқтығын анықтау үшін Асан аумағындағы, Форт-Шевченко жағажайының және Бутин қосының айналасындағы теңіз суынан сынама алды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498