Жаңа жыл... жаңа ақша
Ел-жұрт, ағайын-туыс ЕҚЫҰ-ға төраға болу қуанышына торт кесіп, тост сөйлеп жатқанда, Ұлттық банк те бұл дүрмектен қалуды ұят санаса керек. Аталмыш оқиғаға арнап Ұлттық банк номиналы 1000 теңгелік банкноттар партиясын басып шығарды. Бұрынғы банкноттардан ерекшелігі неде десеңіз, «мыңдықтардың» түстік гаммасы енді жасыл бояуда әрі дизайн жағынан да даралану байқалады. Көзге таныс алақанның орнына қалықтаған құстар, Қазақстан контурының орнына Ақ орданың бас фасады.... А-а, Астананың бас нышаны - «Бәйтерек» монументі де банкнот бетінен орын тапқан. Алайда, Қазақстан үшін қарт Еуропаға төраға болу уақыты 1 жыл десек, бұл ақшалардың да айналымдағы жүрісі олардың тозу процесіне тәуелді болмақ. Тозған банкноттардың орнына 2006 жылы айналымға енген «бұрынғы» 1000 теңгеліктер қайта келеді.
Суреттер КТК арнасының бейнекөрсетілімінен кесіп алынған