«Қазатомөнеркәсіптің» экс-басшысын аса ірі мөлшерде жымқыру жасаған деген күдікпен ҰҚК тұтқындады – баспасөз қызметі
Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ – ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомөнеркәсіптің» экс-басшысы Мухтар Жәкішевті тұтқындады, деп хабарлады ҚазТАГ-қа ҰҚК баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров.
«Сот оны қамауға рұқсат берді. Мен растаймын», - деді ол телефон арқылы, журналистің: «сіз Мұхтар Жәкішевтің қамауға алынғанын растай аласыз ба?» деген сауалына жауап беріп.
Оның айтуы бойынша, М. Жәкішев пен ұлттық компанияның бірқатар басшылары «аса ірі мөлшерде жымқырыс жасаған» деп күдіктеледі. Оларға қатысты ҰҚК қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстары басталды.
ҚазТАГ хабарлағандай, ҰҚК М. Жәкішев пен компанияның тағы бес қызметкерін тұтқындаған. Олардың арасында үшеуі компанияның вице-президенттері - Дмитрий Парфенов, Асқар Қасабеков, Малхаз Цоцория.
Агенттіктің дерек көзінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта М. Жәкішев айдауылмен арнайы ұшақпен Астанаға жіберілді. Қалған бес адам Алматының ҰҚКД тергеу изоляторына жатқызылды.