Ақтөбе...
Ақтөбе... Байтақ еліміздің батысындағы шаһарда бүгінде 400 мыңнан астам адам тұрады. Қала тарихын қазбалайтын болсақ, алғаш бекініс түріндегі құрылысы 1869 жылдың 28 мамырынан басталған. Бұл жайында Петербургтің «Биржевые ведомости» газеті былай деп хабарлаған:«... Ақтөбе бекінісіне Елек өзенінің сол жағында Елек қорғанысынан 180 верст, Орынбор-Қазалы керуен жолына жақын, Қарғалы өзенінің тармағындағы Ильинка станицасынан 170 верст қашықтықта жер таңдап алынды... Құрылыс қазірдің өзінде басталып кетті. Елек уездік басқармасын күзге дейін көшіріп болу көзделуде». 1880 жылы Ақтөбеде алғаш халық санағы жүргізілгенде 409 тұрғын болған-ды. Ал, бірінші мектеп 1884 жылы пайда болды. Ақтөбе облыс орталығы ғана емес, үлкен өндіріс ошағы да. Мұнда ферроқорытпа, ауылшаруашылығы машиналарын жасау, рентгенаппаратуралар зауыттары секілді ірі кәсіпорындар орналасқан.
Ақтөбе... Байтақ еліміздің батысындағы шаһарда бүгінде 400 мыңнан астам адам тұрады. Қала тарихын қазбалайтын болсақ, алғаш бекініс түріндегі құрылысы 1869 жылдың 28 мамырынан басталған. Бұл жайында Петербургтің «Биржевые ведомости» газеті былай деп хабарлаған:«... Ақтөбе бекінісіне Елек өзенінің сол жағында Елек қорғанысынан 180 верст, Орынбор-Қазалы керуен жолына жақын, Қарғалы өзенінің тармағындағы Ильинка станицасынан 170 верст қашықтықта жер таңдап алынды... Құрылыс қазірдің өзінде басталып кетті. Елек уездік басқармасын күзге дейін көшіріп болу көзделуде». 1880 жылы Ақтөбеде алғаш халық санағы жүргізілгенде 409 тұрғын болған-ды. Ал, бірінші мектеп 1884 жылы пайда болды. Ақтөбе облыс орталығы ғана емес, үлкен өндіріс ошағы да. Мұнда ферроқорытпа, ауылшаруашылығы машиналарын жасау, рентгенаппаратуралар зауыттары секілді ірі кәсіпорындар орналасқан. Сонымен бірге Ақтөбені отандық панк пен роктың бейресми астанасы деп атауға болады. Неге десеңіз, осы қалада жыл сайын «Суховей» атты тәуелсіз сазгерлердің фестивалі ұйымдастырылады. Қазақстан қалаларының ішінде тұңғыш рет әдеби кейіпкерлерге төрін ұсынған Ақтөбедегі «Қан мен тер» трилогиясындағы 7 кейіпкердің мүсіндері де - қала мақтанышы.