Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3225 0 пікір 20 Қаңтар, 2010 сағат 06:00

Автокөліктерді тіркеу мен мемлекетті номерлерді беру стандарттары бекітілді

Алматы. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан үкіметі автокөліктерді тіркеу мен мемлекетті номерлерді беру стандарттарын бекітті.

«ҚР үкіметі қаулы етеді: 1. «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көліктерден басқа  автокөліктерді тіркеу, қайта тіркеу және тіркелгені жөнінде номерлер беру» туралы мемлекеттік қызметтің ұсынылып отырған стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді», - делінген 2009 жылы 26-шы қазанда премьер-министр Кәрім Мәсімов қол қойған құжатта. Сәрсенбі күні қаулы ресми басылымдарда жарияланды.

Құжатта көрсетілгендей, мемлекеттік қызметтің аталған стандарды автокөліктерді тіркеу және қайта тіркеудің, мемлекеттік тіркеу туралы номер белгілерді (МТНБ)беру тәртібін анықтайды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бұл түрі жартылай автоматтандырылған.

«Мемлекеттік қызмет ҚР азаматтарына, шетелдіктерге, азаматтығы жоқтарға, заңды тұлғаларға, оның ішінде автокөлік құралдары бар шетелдік заңды тұлғаларға, оның ішінде басқа елде тіркеуден өткен және уақытша Қазақстанға 2 айдан аспайтын мерзімге әкелінген автокөлік құралдары барларға көрсетіледі», - делінген құжатта.

Стандартта қызмет көрсету мерзімі айқыналған. «Сұраным берушінің барлық құжаттарын тапсырған күнен бастап ең көп күту уақыты: 6 сағаттан аспауы тиіс; қажет құжаттарды тапсырған соң кезекте күту уақыты: 40 минуттан аспауы тиіс; құжаттарды алғанда кезек күту уақыты: 30 минуттан аспауы тиіс», - деп регламенттеген стандарт.

Қызмет түріне мемлекеттік баж салығы бекітілген. Салық кодексіне сай ол : автокөлік құралдарының мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлік берілгені үшін – мемлекеттік баж салығын төлеу күніндегі ең кіші айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 125 пайызы мөлшерінде (қазіргу уақытта АЕК – 1413 теңге); автомобильге МТНБ беру - АЕК-тің 280%; мотокөлік пен автомобиль тіркемесіне МТНБ беру  – АЕК-тің 140% ; автокөлікті айдап өту үшін «Транзит» белгісін беру – АЕК-тің 35% мөлшерінде баж салығы төленеді.

Автокөліктерді тіркеу, қайта тіркеуге қатысты толық ақпарат ҚР ішкі істер министрлігінің web-сайтында, электрондық үкімет порталында жарияланды.

Қаулыда мемлекеттік қызмет аптасына алты күн бойы көрсетілетіні айтылған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387