Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3380 0 пікір 20 Қаңтар, 2010 сағат 07:11

Нұртөре ЖҮСІП. Шоқындыдан шошын!

Осы күні қазақ арасында неше түрлі бөлініс бар. «Нағыз қазақ», «жаңа қазақ», «шала қазақ», «ауыл қазағы», «қала қазағы» дегендей... Бұған енді діни тұрғыда «вахаббист», «суфист», «коранит», «ахмадит» деген тәрізді бөліністі қосыңыз. «Оңтүстік» пен «солтүстік», «батыс» пен «шығыс» деп бөлінушілікті есепке алмай-ақ қойыңыз. Тіпті кейбіреулер «трайбализм« деп түйрегісі келетін қазақ ішіндегі руаралық бөлініске жылап көрісетіндей жағдайлар бар.

Соның ең қауіптісі - діни бөлініс.
Қазіргі қазақтар арасында мұсылман дінінің бірнеше ағымын ұстанушылар «айналайын» болып қалды. Қазір «шоқынды қазақтар» пайда болды. Және олардың қатары «доңыз тұмауына» шалдыққандардан гөрі жылдам артып барады.
Кешегі Кирилл әкейдің келісіне жүйрік ойдың желісін қосып байқасаңыз, төбе шашыңыз тік тұрардай көрініс аңғарылады. Литургия кезінде лепіріп жүрген қандастарымыздың төбесін көргенде, жағаңызды ұстауға тура келеді.
Ауыл-ауылды, қала мен даланы кезіп, дәстүрлі дінінен безіп, шоқынды қазақтар жүр. Үй-үйді үгіттеп үйір-үйір өз шоқындыларымыз жүр!
Олардың үгіт-насихат жүргізгені аздай, масқара жағдайлар да орын алып жатыр. Ел ішінде осындай адасқан азаматтар қайтыс болғанда сүйекке таласу деген шықты. Әке-шешесі мұсылман, бес баласы да мұсылман, арасындағы біреуі христиан,.. сол мәсіхші қайтыс болғанда, шоқынды қауым өкілдері «біз көмеміз» деп, ата-анасы мен бауырлары «өзіміз жерлейміз» деп сүйекке таласа бастады. О заманда бұ заман қазақ арасында мұндай сұмдық орын алды ма?!.
Бізде былайша алғанда, бәрі жақсы! Ел де жақсы, егемен де жақсы. Жақсы тұсымызды ешкім де жоққа шығармайды. Ешкім де тартып алмайды.
Ең жаманы - елдің адасқаны. Елдегі азаматтардың адасқаны. Осындай адасқандар арасында елдің зиялы қауымының ұрпақтары да бар екен.. Таза масқара деген осы!
Патшалық Ресей 300 жыл билегенде шоқындыра алмаған қазақты Тәуелсіз Қазақстан тұсында шоқындыру өзге дін өкілдерінің сұмдық жетістігі емес пе!?.
Шоқынуын шоқынып, артынан өмір бойы опынып отырмақпыз ба сонда?!.
Күн сайын болып жатқан табиғи апат-зұлматтардан жүрек шошынады.
Қазақтың шын шошынатын кезі енді келді.
Шошынсаң - шоқындыдан шошын!

«Айқын» гаеті 20 қаңтар 2010 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394