Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2826 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 05:22

Өзбекстан бас прокуратурасы Ханабадтағы милиция бекетіне жасалған шабуылды растады; Қырғызстан шекара күзетуін күшейтті

Ташкент. 26 мамыр. ҚазТАГ – Өзбекстан бас прокуратурасы Әндіжан облысының сотүстігіндегі Қырғызстанмен шекаралас Ханабад қаласындағы милиция бекетіне жасалған шабуылды растады.

«Ханабадтағы милиция блок-постына белгісіздер шабуыл жасады», - деп хабарлады журналистерге бас прокуратура өкілі.

Оның мәліметі бойынша, қақтығыс кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Шабуылшылар жасырынып үлгерген.

Бас прокуратура өкілі қаланың басқа да нысандарына шабуыл жасалғаны туралы БАҚ  хабарларын не растай, не жоққа шығара алмады.

Ресми дерек көздерінің мәліметтері бойынша, Әндіжан облысы мен Әндіжан қаласында тыныштық сақталуда, өмір бір қалыпты өтіп жытыр. Бірақ құқық қорғау органдары жоғарғы дайындық деңгейіне келтірілген. Әндіжан тұрғындарының айтуынша, қалада төлқұжаттық тәртіп күшейтілген, қалаға кіретін және шығатын аутокөліктер тексерілуде, қалаға кіре берісте бронетраспортерлер тұр. 

Өз кезегінде Қырғызстанның шекара қызметі Өзбекстанмен шекараны күшейтілген тәртіптегі күзетуге көшті. 

«Шекарадан Қырғызстандағы өзбектердің Сох анклавында тұратындарды және екі ел шекарасы маңындағы аудандарда тұратындарды ғана өткізеді. Басқа адамдарға шекара жабық», - деді шекара ведомствосының баспасөз қызметінде.

«Алынған мәліметтерге сәйкес 26 мамырдағы түнгі 2-де Өзбекстан республикасының Ханабад қаласында жарылыс тіркелгені себепті Өзбекстанның күш құрылымдары мемлекеттік шекарасын күшейтілген тәртіптегі күзетке кірісті», - делінген Қырғызстанның шекара қызметінің хабарында.

Әртүрлі БАҚ-тар келтіріп отырған оқиғаны көргендердің айтуынша, Өзбекстанның құқық қорғау органдары Ханабадта 26 мамырда АІІД мен ҰҚК-нің жергілікті ғимаратына шабуыл жасаған топты ұстау бойынша операция өткізіп жатыр, қалада тазалу мен тінту жүргізіліп жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499