Қазақстанда AWARD.kz атты веб-ресурстар байқауы басталды
Алматы. 26 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда «AWARD.kz ұлттық интернет сыйлығы» веб-ресурстар байқауы басталды. Бұл туралы шараны ұйымдастырушы комитеті сейсенбі таратқан хабарламада айтылған.
Құжатқа сәйкес, «AWARD.kz мақсаты - Қазнеттің көркемдік, технологиялық және әлеуметтік-мәдени тұрғыдан айтарлықтай мәні бар интернет-ресурстарын анықтау. Байқауға келесі шарттардың біріне сәйкес келетін кез-келген интернет-ресурс қатыса алады: KZ доменінде орналасқан, Қазақстан туралы баяндайтын, бұрынғы немесе қазіргі қазақстандықтар жасаған».
«Өткен жылдар ішінде AWARD.kz Интернет желісінің қазақстандық сегментін және ақпарат кеңістігін дамыту шеңберіндегі, қоғам мәдениетін арттыруға, желілік қауымдастыққа жаңа пайдаланушыларды тартуға, Қазнет сайттарының сапасын арттыруға, ақпараттық технологиялар саласын дамытуға арналған Қазақстандағы ірі оқиғаға айналды», - деп атап көрсетілген хабарламада.

«AWARD.kz байқауындағы жеңіс – бұл жай диплом ғана емес. Бұл ресурсты бұрынғыдан да жақсы ету үшін қоғамның назарын аудару мүмкіндігі. Авторлар үшін бұл – түйіндемеге қосымша ақпарат және өз жобаңның ел деңгейінде мойындалғанын сезіну. Жылда лауреаттардың тізімі жаңа интернет ресурстармен толығып жатады. 2008 жылы AWARD.kz қатысушылардың саны бойынша рекорд орнатты, 1007 өтініш тіркеуге алынды. Бүгінгі рекорд – 1500 қатысушы», – деп атап көрсетті AWARD.kz ұйымдастырушы комитетінің тең төрағасы Александр Ляхов.
Осы күні award.kz сайтында байқауға өтініштер қабылдау басталды. Өтініштерді қабылдау 2009 жылдың 15 қырқүйегіне дейін жалғасады.
Байқау ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің, «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің, ІТ-компаниялардың қазақстандық қауымдастығының, «Қазақтелеком» АҚ-ның, өзге де отандық және халықаралық компаниялардың ұйымдастырушылық және демеушілік қолдауымен өткізілуде.