«Қазақстан» телеарнасы, жалпыұлттық болып қала тұра телекөрермендердің өскелең талаптарын қанағаттандыруға дайын – ТРК басшысы
Алматы. 26 мамыр. ҚазТАГ – «Қазақстан» телеарнасы, жалпыұлттық болып қала тұра телекөрермендердің өскелең талаптарын қанағаттандыруға дайын. Бұл туралы ҚР телерадиокорпорация (РТРК) басқармасының бастығы Жанай Омаров «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында мәлім етті.
«Біздің мақсатымыз – халық дәстүрі мен менталдығынан қол үзбей, көрермен аудиториясының қазіргі талаптары мен өскелең сұраныстарына жауап берерлік заманауи телеарна құру. Бұл ретте, біз алдыңғы қатарлы телевизиалық формаларды енгізе отырып, оның әлеуметтік–гуманитарлық және мәдени-ағартушылық құрамдасын тек сақтап қана қалмай, сонымен қатар жан-жақты дамытамыз. Және оны бірінші кезекте жалпыұлттық ретінде танимыз – тек қамтыу аумағымен ғана емес, сонымен қатар мазмұнымен де, сонымен қатар, егер қаласаңыз, отбасылық телеарна деп те танимыз, себебі оның көздейтін аудиториясы - барлық буын мен әлеуметтік топ өкілдері», - деді ол.
Бұл ретте ол, «жеке меншік және коммерциялық телеарналармен бәсекелесу өте қиын екенін, себебі олар жоғары рейтингтері мен кірістерінде танымал-ойын сауық мазмұндағы хабарлардың басымдығымен ұтатындығын» атап өтті.

Ж.Омаров телеарна эфирінің 75 пайызы мемлекеттік тілде шығатыны, ал 65 пайыз телеөнімдер жеке өз туындылары екендігі өте маңызды деп есептейді. «Мұны қазақстан тереэфирін толтырып жіберген шет елдік бағдарламалардан шаршайын деген көрермен бағалар деп үміттенеміз», - деп атап өтті ол.
Компания басшысы телеарнадағы әкімшілдік-құрылымдық реформаға, кадрлық ауыстыруларға, материалдық-техникалық қайтажабдықтауларға қатысты сауалдарға жауап бере келіп, шығармашылық жоспарлар туралы да нақтылап айтып берді.
«Бейнелеп айтсақ, барлығы да қадір тұтқанымен онда тұрғысы келмейтін ескі киіз үйден гөрі біз, телеарнамыздың, қазақтың көне баспанасының рухы мен нышандары бар жаңа заманауи сәулетін жасап жатырмыз», - деді Ж. Омаров.
Эфирдің сапасы туралы айта отырып, РТРК басшысы, елдегі дағдарысқа қарсы шаралардың өзекті проблемарын көтерген «Дағдарыстың кілті» атты арнайы бағдарламаны атап өтті.
«Қазақстан» телекомпаниясының жаңа жобаларына қатысты сауалдарға жауап бере келіп Ж. Омаров, алтыншы сәуірден бастап жаңа телемаусым басталғанын жеткізді. «Телеарнаның эфирінде тың бағдарламалардың бүтін сериясына тиым салынған болатын. Бұл, ең алдымен танымал саясаткерлердің, шенеуіктердің, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен шығатын «Меншікті мекен» хабары болды. Оның негізгі идеясы – тұлғаның күнделікті тұрмыстағы, отбасындағы, әуескерлігіндегі байлығы мен әлеуетін мейлінше ашу болатын», - дейді ол. Ол сонымен қатар Сәуле Жиреншиннің «Сен сұлу» хабары мен, теле – деректі филь жаныры іспеттес қарапайым адамдардың күнделікті тіршілігі мен қол жеткізген табыстары, ерліктері жайлы «Тағдыр тағлымы» жобасын, шулы болған қылмысты тергеу барысы туралы деректі әңгімеге негізделген «Қылмыс пен жаза» хабарын, XX ғасырдың екінші жартысында Қазақстан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың өмірінің естеліктерге негізделген белгісіз беттері туралы «Сөнбес сәуле» хабары мен т.б. атады.
Ж.Омаров сонымен қатар телеарнаның, танымал режиссер Ахан Сатаевпен бірлесіп түсірген «Ағайындылар» атты алты сериялы көркем фильм туралы айтып берді.
«Наурыз мерекесін тойлау кезінде біздер «Жүздесу» кездесу-кешіне көптеген өзіміздің творчестволық зиялыларымызды шақырдық. Бұл «Қазақстан» ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосының жаңа бағдарламаларының өзінше «тұсаукесері» болды. Қонақтарға мұндай идея өте ұнап қалды да, олар біздің жаңа бастамаларымызға батасын берді. Біздер кездесуді дәстүрге айналдыруды шештік», - деп қортындылады республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорация басқармасының төрағасы.