Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3819 0 пікір 29 Қаңтар, 2010 сағат 08:35

Қытайдағы қарт қаламгер Қажығұмарды елге қайтарып алайық!

Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевқа

Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке

Қазақстан Республикасының
Парламенті депутаттарына

Ашық хат

Қазақстан республикасы - саяси-тарихи себептермен кіндік Отаны Қазақстаннан қилы кезеңдерде көз жазып қалып, әлемнің түрлі мемлекеттерінде қоныстанған күллі қазақ азаматтарының  тағдырына толықтай жауапты.

Қазақстан Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері үзбей жүргізіліп келе жатқан шетелдегі қазақтарды тарихи Отанына қайтаруға бағытталған көші-қон саясаты  соның айғағы.

Алайда, алаш жұртының азаттық үшін күресі мен сол жолда тартқан азабы мен тауқыметінің сірі тағдыры іспеттес қаламгер Қажығұмар Шабданұлының кіндік кескен мекені Қазақстанға келу арманы орындалмай отыр.

Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Таңсық деген жерде дүниеге келген. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық алқымнан алған тұста, Отанынан айырылып амалсыз ата-анасымен Қытайға ауып барған.

Қажығұмар Шабданұлы өмірімен, ісімен қазақ баласының ар-ұятына айналған рухани тұлға. Әр кезеңде Қытайда жүргізілген солақай саясаттың кесірінен Қажығұмар Шабданұлы ғұмыр бойы қуғын мен абақтыдан көз ашпай келеді.

Қажығұмар Шабданұлы нақақтан-нақақ  Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде 22 жыл, Үрімжінің нөмірі бірінші түрмесінде 13 жыл тұтқында болған адам. Үрімжі түрмесінен кесілген мерзімін өтеп шыққаннан бері Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданына қарасты Шәуешек қаласындағы өз үйінде мырзақамақта отыр. Қажығұмар Шабданұлының Отанынан қол үзгеннен бері көргені тек түрме.

Біз баршы алаш жастары Қажығұмар Шабданұлының атамекеніне қайтуы үшін төмендегі іс-шаралардың орындалуын бірауыздан талап етеміз:

1. ҚР Президенті Қажығұмар Шабданұлының 2010 жылы елге оралуына тікелей өзі жауаптанып әрі осы жолда атқарылатын жұмыстарды бақылауына алуы керек;

2. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы кезінде ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропаның адам құқықтары жөніндегі ұйымдарының назарын Қажығұмар Шабданұлының тағдырына аударып, Қажығұмар Шабданұлының Қытай өкіметі тарапынан толықтай ақталуына жұмыс істеуі тиіс;

3. ҚР Үкіметі екі ел арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынасты пайдалана отырып, Қажығұмар Шабданұлының 2010 жылдың ішінде Отанына қайтарылуын Қытай өкіметінен дипломатиялық жолмен талап етуі қажет;

4. ҚР Парламенті Қажығұмар Шабданұлының елге оралуына арнайы іс-шаралардың қолға алынуын қарастыруы тиіс;

5. 2010 жылғы ҚР әдебиет және өнер саласы бойынша сыйлықты Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романына беру жөнінде мемлекеттік комиссия шешім қабылдауы тиіс.

Қазақты біртұтас ұлт және әр қазақтың тағдыры өз тағдырымен тамырлас деп білетін алаш баласын ашық хатты қолдауға шақырамыз!

Бір қазақ - бар қазақ. Бар қазақ - бір қазақ!

Ескерту: ашық хатты қолдауға ниет білдірсеңіз аты жөніңізге қоса электронды поштаңызды қоса жолдаңыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315