Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2392 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 06:26

Есімов нөсер жауыннан кейін ондаған саман үй қирауға ұшыраған «Шаңырақ-1» және «Шаңырақ-2» шағын аудандарындағы ТЖ жоюға 60 млн теңге бөлді

Алматы. 26 мамыр. ҚазТАГ -  Алатау ауданындағы табиғи төтенше жағдайды жоюға қала әкімінің резерв қорынан 60 млн теңге бөлінді. Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы әкімі Ахметжан Есімов бұл шешімді ҚР «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туралы» заңының негізінде қабылдады.

Баспасөз қызметі еске салып өткендей, 21 мамырда Алатау ауданының «Шаңырак-1» және «Шаңырак-2» шағын аудандарында нөсер жауын салдарынан бірнеше учаскені су басқан. Ауданда төтенше жағдай жарияланды. Аудан басшылығы бөгеттің қираған бөлігін нығайтты. Алайда 23 мамырда күшейген жаңбыр жағдайды күрделендіріп жіберді. «Шаңырақ-2» шағын ауданында жауын суы көлемі 1 млн текше метр көлді толтырып, осының салдарынан бөгет бұзылды. Су тасқыны су қорғау аумағындағы 40 жеке меншік құрылысты бұзып, 150 үй су астында қалды. Бұл құрылыстардың барлығы өз еркімен басып алынған жер телімдерінде тұрғызылған және су қорғау аумағында орналасқандықтан, заңдастыру бойынша ақырғы шешім қабылданбаған жер телімдерінің тізіміне кіреді.

Дүйсенбі күні Алматы әкімі зардап шеккен ауданға барды. Аумақты қарау барысында қала басшысы ТЖ қызметтеріне төтенше жағдайдың салдарын жоюды тапсырды.

Үйлері қираған азаматтарға «Шаңырақ-2» шағын ауданындағы № 26 мектепте баспана мен тамақ берілді, сондай-ақ, ТЖАБ, ІІАБ мен жедел жәрдемнің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды. Алматы қаласының құтқару қызметі зардап шеккендерге төсек жабдықтарын беріп, оларды электрмен қамтудың автономды жабдықтарымен қамтамасыз етті. «Регион Гидрострой» ҰК ЖШС жедел түрде бөгетті нығайту және суды БАК-қа жинау үшін су арнасын бұру бойынша жұмыстарға кірісіп кетті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер үшін шатыр қалашығы ұйымдастырылды.

26 мамырдағы жағдай бойынша, Алатау ауданындағы жағдай тұрақтанды. ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД ӨБ-5 өртке қарсы машиналарының көмегімен БАК-қа су сору жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккен жергілікті тұрғындар шатырларға көшірілді, оларға су мен құрғақ тамақ жүйелі түрде жеткізіліп жатыр, - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475