Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2478 0 пікір 9 Ақпан, 2010 сағат 06:13

«Қазгидромет» ОҚО-да қалың қар жауып, аяз болатыны туралы ескертеді

Алматы. 9 ақпан. ҚазТАГ– «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) қалың қар жауып және температураның төмендейтіні туралы ескертеді.

«Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 9-шы ақпанда түнде қатты қар жауып, көктайғақтанады. 9-10-11 ақпанда ОҚО-ның солтүстік аудандарында 25-28 градус аяз сақталады», - делінген дүйсенбі күні кешкісін таратылған дауылдық ескертуде.

Бұл ретте, ТЖМ хабарлағандай, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында сейсенбі күні атмосфералық тұтас ағым өз ықпалын сақтайды. Республиканың басқа аумағындағы ауа райын суық антициклон тармағы айқындайды.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, 15-20 м/с жел тұрады.

Оңтүстік Қазақстан облысында – кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады.

Батыс-Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасындатқан сырма соғады.

Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 40-43 градус аяз сақталады.

Жақын күндері республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы жекелеген өзендерде тоспалар пайда болып, су деңгейі көтерілуі мүмкін.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5390