Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3277 0 пікір 17 Ақпан, 2010 сағат 04:15

Қазақстан Европадан тауар сатып алмауы керек – Түркия премьері

Анкара. 16 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан европалық тауарлардың импортын шектеуі керек, деген кеңес береді Түркияның премьер-министрі Реджеп Таип Эрдоган. Бұл жайында ол сейсенбі күні қазақстандық делегациямен кездескен кезде айтты.

ҚазТАГ тілшісінің Анкараның Европалық одаққа кіру туралы ниеті неге қолдау таппай отыр, Европа ұстанымын өзгертуі үшін не істеу керек деген сұрағына Түрік Республикасының премьер-министрі: «Қазақстан Европаның тауарларын сатып алмауы керек», -деп жауап берді.

«Сіздер өзге елдердің экономикасына жұмыс істеместен, базарларыңызды өздеріңіз өндірген тауарларға толтыруларыңыз керек», -деп атап өтті Р.Эрдоган.

Мысал ретінде ол Түркия мен Қазақстанның тауар айналымына назар аударды. Өткен жылы ол $ 1 млрд 700 млн жеткен. «Және ол (тауар айналымы) екіжақты», -деп атап өтті премьер.

«Соңғы жылдары Түркия Қазақстанға $8 млрд аса қаржы салды. Біз Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына жақын арада қазақстандық Ақтау портының да қосылатындығына разымыз», -деп қосып қойды Түркия үкіметінің басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, құрамында ЖОО басшылары, парламент депутаттары, журналистер бар қазақстандық  делегация Түркияға «Евразия диалогы» қоғамдық ұйымының шақыруымен келген.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1254
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2779
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 904
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 852