Қазақстанда 2011 жылы баспана салуды 200 мың шаршы метрге арттырмақшы
Астана. 17 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда 2011 жылы баспана салуды биылғыдан 200 мың шаршы метрге арттырып, 11 млн 200 м2-ге жеткізу жоспарланған. ҚР құрылыс және тұрмыстық-коммунальдық шаруашылық агенттігі 2009-2011 жылдарға арналған статегиялық жоспарында осындай міндет қойып отыр. Жоспар 2009 жылғы 7-ші қазандағы үкімет қаулысымен бекітіліп, сәрсенбі күні ресми басылымыдарда жарияланды.
Жоспарда 2007 жылы Қазақстанда 8 103,8 мың шаршы метр баспана тұрғызылғаны, 2008 жылы - 6 832,4 мың м2 , 2009 – 9 000 мың м2 баспана тұрғызылғаны айтылады. 2010 жылғы жоспар – 11 000 мың шаршы метр, ал 2011 жылы 11 200 мың шаршы метр баспана тұрғызу жоспарланған.
Құжатта несие қаражатының есебінен тұрғызылып жергілікті атқару органдарына тапсырылған баспаналардың бір шаршы метрінің құны 56 515 теңге болғандығы және ол 2008-2009 жылдары өзгермегені, сондай-ақ бұл баға биыл да сақталатыны айтылады.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді, делінген құжатта.