«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы 2010 жылы сырттан $1 млрд қарыз тартуды жоспарлап отыр
Астана. 18 ақпан. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы 2010 жылы инвестожобаларға сырттан $1 млрд қарыз тартуды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ҰӘҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов.
«Сырттан қарыз алу жоспарымызда әзірге өте сақтықпен келіп отырмыз. Биыл біз нарыққа қарап отырамыз және $1 млрд-қа дейін қарыз тартуды жоспарлап отырмыз», - деді ол бейсенбі күні адам ресурстарын басқару жөніндегі халықаралық конференцияның кулуарында.
Қ. Келімбетов, аталған қарыз сомасы жалпы айтқанда, «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы тартпақшы екенін, оның ішінде «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазақстанның даму банкі» осы қаржыға өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асырмақшы екенін жеткізді.
«Жалпы айтқанда «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы жалпы сомасы $23 млрд-тық 30 жобаны іске асырмақшы. Бұл жобаларды іске асыру осы жылдан басталмақшы және біз оларды 2014-2015 жылдарға бітірмекшіміз», - деді ол.
Олардың арасында, дейді Қ. Келімбетов, Атырау облысындағы газ-химиялық кешен құрылысы, Маңғыстау облысындағы битум зауыты, Балқаш ЖЭС-і, отандық үш мұнай өңдеу зауыттарын қайта жөндеп, жетілдіру, Екібастұз МАЭС-1 мен МАЭС-2 бар.
«Самұрық-Қазына» басшысы 2009 жылы қор шамамен барлығы $15 млрд тікелей инвестиция тартқанын және олар негізінен Қытай мен Ресейден болғанын жеткізді.