Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2664 0 пікір 19 Ақпан, 2010 сағат 04:47

ЕҚЫҰ саммитінің басты тақырыбы Ауған проблемасы болуы тиіс – ҚР СІМ басшысы

Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ– ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, Астана мұрындық болып отырған ЕҚЫҰ саммитінің басты тақырыбы Ауғанстан проблемасы болуы тиіс деп есептейді.

«ЕҚЫҰ бойынша әріптестеріміз біздің басымдықтар қатарына (Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-на төрағалығындағы) ауған тақырыбын да енгізуді оң бағалап отыр. Бұл тақырып ЕҚЫҰ-ның саммиті барысында басты болуы тиіс деп есептейміз. Ауғанстандағы реттеу ғаламдық қауіпсіздікке және біздің Ұйымның барлық кеңістігіндегі қауіпсіздікке тікелей қатысы барлығы аксиома деп ойлаймын», - деді ол 18-ші ақпанда Венадағы ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының қысқы отырысында сөйлеген сөзінде. Оның баяндамасының мәтінін ҚР СІМ баспасөз қызметі таратып отыр.

Қ. Саудабаев сондай-ақ ауғандық реттудің гуанитарлық құрамын айтарлықтай нығайту керектігін айтты. «Осыған байланысты Астана, ғаламдық қаржылық дағдарысқа қарамай, мың ауғандықты біздің оқу орындарында азаматтық мамандықтарға оқыту жөніндегі арнайы бағдарламаны іске асыруға $50 млн бөліп отыр», - деп атап өтті СІМ.

«Сонымен қатар, біз Ауғанстанның Орталық Азия мемлекеттерімен шекарасын нығайту бойынша жобаны демеушілікте көмекші ретінде, шекарааралық сауданың дамуына, құқық қорғау жұмысының күшейтілуіне белсенді қатыспақшымыз», - деді Қ Саудабаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364