«Қазақтелекомның» кең жолақты интернетті пайдалану қызметінің ақысы дамыған елдер мен Ресейдегімен шамалас
Алматы. 19 ақпан. ҚазТАГ– Интернетке кең жолақты қосылу қызметінің айлық төлем ақысы дамыған деген елдер мен Ресейдегімен шамалас, делінген компания жұма күні таратқан ақпараттық хабарда.
«Құжатта көрсетілгендей, Megaline Start интернет қызметіне ай сайын төленетін төлемақының орташа деңгейі $13,03. Мәскеуде осындай қызмет $12,64, Санкт-Петерборда - $14,58, Францияда - $45,57, Германияда - $59,79, Жапонияда - $37,47.
«Megaline қызметіне қол жетерлікті арттыру (тұтынау сипаттамаларын арттыру) бойынша жүргізілген барлық шаралар (2008 жылдан бері – ҚазТАГ) айлық төлемақының көтерілуінсіз жүргізілгенін айта кеткен жөн», - делінген ақпараттық баспасөз парақшасында.
Құжатта айтылғандай, бүгінге Megaline қызметіндегі бұзылушылықтар жаппай емес, жекелеген жағдайларда ғана көрінеді. Компания желінің жабдықтарын жетілдіру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп отыр және ол Megaline қызметінің жылдамдығын ғана арттырмай оның сапалық сипатын да жақсартады.
Сондай-ақ, құжатта бүгінге «Қазақтелеком» АҚ-ның iD Host хостинг қызметінің бағасы қазақстандық кез келген хостингтік компаниядан арзан екені айтылады. Олардың деңгейі, жекелеген позициялары бойынша көптеген Ресейлік көшбасшы хостингтік компаниялардыкінен төмен.

Сәрсенбі күні ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Нұрдәулет Сәрсенов, ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігіне «Қазақтелеком» АҚ-ның интернетке қосылу қызмет ақысының қаншалықты негізделгенін анықтауды өтініп, сауал жолдағаны белгілі. Оның мәліметтері бойынша, олардың сапасы нашар, ал бағасы қымбат.
«Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның ірі байланыс операторы болып табылады. Компанияның бақылау пакеті (51%) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ға тиесілі.