Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2498 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 08:34

ҰБТ барысында 100 пайызға кепілдік берілмейді

Білім және Ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мектеп бітірушілерге арналған Ұлттық бірінғай тестің қауіпсіздігі және құпиялығы 100 пайыз сақталатынына кепілдік бермейді. Ол үкіметте өткен баспасөз маслихатында журналистердің сұрағына осылай жауап берді. Себебі, Қазақстан бойынша 150-ден астам орында сынақ өтеді екен. «Аймақтардың қашықтығы біраз қиындық туғызады» дейді ол.

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ, ҚР Білім және Ғылым министрі:

«Біз Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және құқық қорғау мекемелерімен бірге жұмыс істейміз. Олар елді мекеннің 154 пунктінде болады. Бірақ шыны керек, пунктер өте көп болғандықтан қиыншылықтар бар.»

Білім және Ғылым министрлігі сонымен бірге биыл өтетін Ұлттық бірыңғай тестке біраз өзгерістер енгізіпті. Атап айтқанда тесті өткізу екі күнге ұзарды. Яғни, ҰБТ маусым айының 4 мен 10 аралығында өтеді. Екіншіден, тест тапсырудың жалпы уақыты үш жарым сағатқа созылады. Сонымен бірге тест өтетін залға бұрынғыдай мың жарым емес, 800 адам кіретін болады. Жалпы биыл Қазақстан бойынша, 130 мыңнан астам түлек мектеп бітіріп отыр. Олардың 82 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. Мемлекеттік комиссияның құрамында жергілікті әкімдіктердің өкілдері, мәслихат депутаттары және білім министрлігінің бір өкілдері бар.

31 арна

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443