Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2363 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 08:35

Тілшіге тұмау тимеген болып шықты

Еліміздегі электронды ақпарат құралдар Байқоңыр қаласына келген шетелдік тілшілердің бірі осындай кеселге шалдығыпты деген ақпарат таратқан болатын.
Онда келтірілген мәліметтер бойынша, бельгиялық тілші Байқоңыр қаласына Ресейден келген. Ол 27-мамыр күні ұшырылатын “Союз-ФГ” зымыранының ғарышқа көтерілу сәтін тамашалағысы келіпті. Шетел азаматының әуелі дене қызуы көтерілгендігі байқалған. Содан кейін жергілікті мамандар оны бақылауға алып, онымен байланыста болған 40 адамды да дереу тексерістен өткізген. Байқоңыр қаласы Қазақстан аумағында болғанымен, ол Ресейге жалға берілген нысан.  Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Байқоңыр қаласымен байланыс жасап, ең соңғы мәліметтерді алды. Мәліметтерге қарағанда, шетел азаматының тек дене қызуы көтерілген. Оның қатерлі тұмауға ұшырамағаны белгілі болды. Қазір журналистің жағдайы бір қалыпты және ғарыш айлағындағы ұшырылымды тамашалауға толық мүмкіндігі бар.
Айтмағанбет Жолшоринов, ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бөлім бастығы:
-    Негізінде Байқоңыр қаласынан түскен ақпарат бойынша Канада деп басында айтылған болса, артынан бұл Бельгия журналисі болып шықты. Ал Бельгия елінде тұмаудың бұл түрі осы күнге дейін тіркелген жоқ. Қазір ол кісі қоршаған ортаға ешқандай қауіп төндіріп тұрған жоқ.

31 арна.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437