Алматы облысының екі ауданында бөгеттерді тасқын су бұзуы мүмкіндігінен жергілікті 6 мың тұрғын эвакуацияланды
Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ– Сәрсенбі күні Алматы облысының Жамбыл және Іле аудандарында бөгеттерді тасқын су бұзуы мүмкіндігінен жергілікті 6 мың 260 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлады Қазақстан ТЖМ.
Таратылған хабарда айтылғандай, сағат 11-лер шамасында жауған жауын мен еріген қарға байланысты Жамбыл ауданындағы Тарғап кентінің маңындағы Тарғап бөгетіне тасқын су жиналып, бұзып кету қаупін тудырды.
Төтенше жағдай кенттің төменгі жағында орналасқан 40 үйден 200 тұрғынын эвакуациялауға мәжбүр етті. Адамдар көрші ауылдардағы таныстары мен туыстарына уақытша қоныстандырылды, деп хабарлады ТЖМ.
Хабарда «бөгеттің жоғарғы бөлігінде қосымша 3 арна жасалып су ағызылып жатыр. Жұмыстың қиындап жатқаны бөгеттің сыртқы жағы шайылғандығында және күшті жауын-шашын болуы мүмкін деп күтілуде».
Сағат 15-терде су деңгейі төмендеді.
ТЖ салдарын Алматы облысының ТЖД-ның 15 техникасы мен 56 қызметкері, ҚР ТЖМ №28237 әскери бөлімшесінің 36 жауынгері мен офицерлері жоюда.
Ведомство сондай-ақ Іле ауданындағы Ақши селосының төменгі жағындағы тұрғындар мен Күрті кентінің төменгі жағынының 60 тұрғынын эвакуациялады. Эвакуация себебі Күрті су қоймасының бөгетінің тасқын судан бұзылу қаупіне байланысты болды.

Эвакуацияланған тұрғындар уақытша көрші ауылдардағы туыстарына орналастырылды. Және эвакуацияланғандарды орналастыру үшін палаткалы қалашық орналастыру жері анықталуда, деп хабарлады ТЖМ.
«Қазіргі уақытта су қоймасынан апаттық су ағызу жүргізіліп жатыр. ТЖ салдарын жоюға жергілікті 90 тұрғын мен жергілікті басқарманың 5 техникасы, сондай-ақ Алматы облыстық ТЖД-ның 5 техникасы мен 10 қызметкері тартылған», - деп хабарлайды ТЖМ.