Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2231 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 08:37

Үкімет алдағы 5 жылда еліміздің тұрғын үй коммуналдық саласын жаңарту үшін 300 млрд теңге жұмсамақ

Бұл құжатқа қатысты жұмыстар ресми түрде келесі 2010 жылдан басталады. Премьер-министрдің орынбасары Серік Ахметовтың айтуынша, тұжырымдама іс-шараларын жүзеге асыруға жыл сайын 60 млрд. теңге бөлініп отырады. Бұл қаржыға тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз ету, құбыр жүйелерін жөндеу, жылу, электр және газбен қамтамасыз ету секілді шаралар жүзеге асырылады. Республика бойынша жалпы ауданы 260 млн. шаршы метрден астам 2 миллионға жуық тұрғын үй бар. Оның 4 млн. шаршы метрге жуығы бүгінде тозығы жеткен, яғни бұзылуға жақын. Биік үйлердегі лифтілердің үштен бір бөлігі апатты жағдайда болғандықтан күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді. Коммуналдық желілердің де 60-75 пайызы ескірген. Бүгінгі бекітілген тұжырымдама бірінші кезекте осы олқылықтарды жоюға жұмыс істеуі қажет.
Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
-Тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін 5 жыл ішінде 300 млрд. теңге жұмсалады. Оның 200 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен бөлінеді. Негізгі мақсаты- халыққа жайлы қауіпсіз жағдай жасау.

КТК арнасы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435