Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3096 0 пікір 2 Наурыз, 2010 сағат 05:42

Қаңтар айында республикалық бюджет 31,8 млрд теңге тапшылықпен орындалды

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанның республикалық бюджеті биылғы жылдың қаңтар айында 31 млрд 854,8 млн теңге тапшылықпен орындалды, деп хабарлады ҚазТАГ-қа ҚР қаржы министрлігінен.

Қаржы министрлігінің деректері бойынша, бюджетке 173 млрд 670,8 млн теңге көлемінде жалпы кіріс кіріп, 205 млрд 525,6 млн теңге көлемінде шығыс шыққан.

Жалпы түсімдердің ішіндегі кірістері –  170 млрд 391,8 млрд теңге; бюджеттік несиелерді жабу – 3 млрд 275,5 млн теңге; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер – 3,5 млн теңге. Бюджеттің жалпы шығыстарында жұмсалған қаражат – 196 млрд 443,6 млн теңге; бюджеттік несиелер нөлге тең; қаржылық активтерді сатып алу – 9 млрд 082 млн теңге.

Бұрыннан белгілі болғанындай, «парламент қабылдаған «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға мемлекет басшысы 2009 жылдың 7 желтоқсанында қол қойған.

2010 жылдың бюджетінде ІЖӨ өсімінің қарқыны 2,4% деңгейінде белгіленген; бюджеттің ІЖӨ-ге тапшылығы -4,1%. Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 16,2% - 3трлн 189,6 млрд теңгеге дейін көбейту жоспарланған. Олардың ішінде табыстар (трансферттер түсімін есепке алмағанда) 1 трлн 734,5 млрд теңге болды. 2010 жылғы шығыстар 2009 жылғымен салыстырғанда 17,9% өседі деген жоспармен 3 трлн 910,6 млрд теңге көлемінде жоспарланған. Brent маркалы мұнайдың орташа жылдық бағасы заңда 2010 жылы -$50/барр  және 2011-2012 жылдары $60/барр деп белгіленген. 

2010 жылғы қаңтар айында халыққа жасаған жолдауында президент бюджеттік қызметкерлердің стипендиялары мен жалақыларының 25% көбейуі 3 айға ерте болады, яғни бюджетте жоспарланғандағыдай 1 шілдеден бастап емес, 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап өседі деп уәде берді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт мөлшерпін 2010 жылдан бастап $8 млрд мөлшерінде бекітуге тапсырма берді. «Биылғы жылдан бастап республикалық бюджетке ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 8 миллиард доллар мөлшерінде бекітіледі. Бұл трансферт ең алдымен индустрияландыру мақсатына ғана бағыталуы керек. Бюджетке ұлттық қордан ешқандай қарыздар, ешқандай қосымша трансферттер болмайды», -деді ол 29 қаңтар күні парламент палаталарының бірлескен отырысында қазақстан халқына жасаған жолдауында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366