Мәдениеттерді жақындатудың халықаралық жылында Қостанайға бірінші рет Қытай әртістері гатрольге келеді
Қостанай. 3 наурыз. ҚазТАГ – Мәдениеттерді жақындатудың халықаралық жылына арналған шаралар аясында Қостанай облыстық әкімдігінің мәдениет басқармасы Қытайдың көркемөнер ұжымын гастрольге шақырды. 5 наурызда Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда Нанкиннен келген әртістердің алғашқы концерті болады. Бұл жайында мәдениет басқармасынан хабарлаған.
Нанкин қаласы – сегіз миллион халық тұратын Қытайдың ежелгі астаналарының бірі. Нанкин көркемөнер ансамблінің құрамында ең мықты әншілер, бишілер, музыканттар мен цирк әртістері топтасқан. Ұжым әлемнің оннан астам елдерінде гастрольде болған. Оның Қазақстандағы гастрольдері 1-8 наурыз аралығында Астана, Қостанай, Қарағанды және Алматы қалаларында өтеді.
Бағдарламада акробаттардың «Айналмалы тарелкалар», «Бамбук орамасы», «Айналамалы көрпе», «Күш» атты нөмірлері бар. Күш пен ептілікті джиу-джитсумен бірлестіре отырып өнер көрсететін акробаттардың шеберлігі көрермендерді тәнті қылады. «Айналамалы көрпе» бағдарламасы Пекинде өткен «Сәуір көктемі» халықаралық фестивалінің екінші жүлдесіне ие болған.
Халықтық музыкаларды орындаушылар Чжан Цянь, Ван Яньцзе, Чжоу Жун, Ян И халықаралық конкурстар мен фестивальдердің жүлдегерлері. Олар – Нанкин өнер институтының түлектері. Бағдарламада пипа, гучжэн және эрху тәрізді ұлттық музыкалық аспаптар қолданылады.

«Хореографиялық композициялар қытай халқының өмірі мене тұрмысынан хабар береді», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Қытайдың ресми делегациясының құрамында – ҚХР-дың Қазақстандағы елшілігінің мәдениет жөніндегі бірінші хатшысы, ҚХР мәдениет министрлігінің, Нанкин қалалық мәдениет басқармасының, телерадиосының, баспасөзі мен баспасының өкілдері бар. Қытай делегациясы Қостанайда болған кезде облыстық мұражайда, көркемсурет галереясында болып, журналистер үшін баспасөз-мәслихатын өткізеді.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, 1 наурызда Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде мәдениеттерді жақындатудың халықаралық жылының салтанатты ашылуы болды. Мәдениеттерді жақындатудың халықаралық жылын жариялау туралы ұсынысты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылдың қыркүйек айында БҰҰ бас ассамблеясының 62-ші сессиясының жалпы пікірталастары барысында жасаған. Қазақстанның ұсынуымен, Әзірбайжанның, Арменияның, Иранның, Ресейдің және Украинаның бірлескен авторлығымен жасалған бұл идея ЮНЕСКО-ның бас конференциясы тарапынан қолдау тапты. ЮНЕСКО-ның ұсынысына сүйене отырып БҰҰ-ның бас ассамблеясы2007 жылғы 17 желтоқсандағы резолюциясымен 2010 жылды мәдениеттерді жақындатудың халықаралық жылы деп жариялады.