Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3895 0 пікір 4 Наурыз, 2010 сағат 07:20

Жезқазғанда жалған акт жасаған сот атқарушысы сотталды

Қарағанды. 4 наурыз. ҚазТАГ– Жезқазған қалалық соты сот атқарушысын үш жылға дейін мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырып соттады, деп хабарлады бейсенбі күні қалалық прокуратурадан.

Прокуратураның айтуынша, 57 жасар сот атқарушысы былтырғы қазан айында қарызгердің қатысуынсыз оның банктегі несиелік қарызын қайтару үшін соттың атқару өндірісі бойынша қарызгердің мүлкіне тізімдеп, қамауға алу актісін жасаған. «Іс жүзінде ешқандай заңдық құқығы жоқ осы құжатты пайдаланып, С. деген азамат өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, қарызгердің қызынан өзі жасаған осы заңсыз құжатты жою үшін 30 мың теңге алған», - дейді прокуратурадан. 

Сот оны қызмет бабын асыра пайдаланған деп танып, оның жасы мен денсаулығын ескере отырып, оған мемлекеттік қызметпен айналысуына үш жылға дейін тыйым салу туралы сот шешімін шығарды. Үкім заңды күшіне енді.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 927
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2411
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 639
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 620