Футболдан Қазақстан құрамасы молдавандарға жолдастық кездесуде 0:1 есебімен ұтылып қалды
Алматы. 4 наурыз. ҚазТАГ – Футболдан Қазақстан құрамасы молдавандарға жолдастық кездесуде 0:1 есебімен ұтылып қалды.
Кездесу Түркілердің Анталья қаласында өтті және бұл ойын қазақстандықтар үшін биылға алғашқы ойын болды.
Бірінші таймда күрес көп болғанымен, гол салатын сәттер аз болды. Үзілістен кейін Бернд Шторктың түлектері белсенділік танытқанымен молдавандар гол салып кетті.
Ойынның 65-ші минутында Игорь Бугаевтың бұрыштан берген добын Игорь Армаш қағып жіберіп, одан кейін жақын қашықтықтан молдавандықтардың команда капитаны Александр Епуряну қақпаға гол соқты. Қазақстандықтар қанша тырмысқанымен, ойын аяқталуына 25 минут қалғанда қазақстандық Юрий Логвиненконы екі ескертуден соң ресейлік төреші алаңнан қуған соң, біздің ойыншылардың қарқыны бәсеңсіп қалды.
Антальядағы матч осы екі команданың арасындағы екінші кездесуі. 2008 жылы Бугаевтың салған голының есебінен молдавандықтар тағы ұтып кеткен.