Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3520 0 пікір 5 Наурыз, 2010 сағат 04:34

АҚШ соты БТА банкті қайта құрылымдау процесін заңды деп таныды

Алматы. 4 наурыз. ҚазТАГ – Қаржылық  дәрменсіздік істері жөніндегі сот «БТА банк» АҚ-ның АҚШ аумағындағы қайта құрылымдау процесін заңды деп таныды. Мұндай ақпаратты бейсенбі күні банктің баспасөз-қызметі таратты.

«Алматының мамандандырылған қаржылық сотында, қаралуына банктің өзі бастамашы болған қайта құрылымдау ісі жөніндегі өндіріс АҚШ-та шетелдік негізгі сот өндірісі сипатында танылды. 2010 жылдың 2 наурызында Нью-Йорк штаты Оңтүстік округінің юрисдикциясындағы АҚШ-тың қаржылық дәрменсіздік жөніндегі соты тиісті бұйрықты шығарды», -делінген банктің хабарламасында.

Осылайша, сот бұйрығы банктің қарыздарын қайта құрылымдау процесі барысында банктің мүліктерін АҚШ аумағындағы кредиторлардың талаптарынан қорғайды.

«БТА банкті қайта құрылымдау процесі АҚШ аумағында заңды деп танылды. АҚШ сотының бұйрығы АҚШ аумағында тұрған БТА банктің активтерін, БТА банктің қарыздарын қайта құрылымдау процесін табысты аяқтауға ықпал етуі мүмкін үшінші тараптан болатын кез-келген әрекеттен  заңдық жағынан қорғалуын қамтамасыз етеді», -деп түсіндірілген банк ақпаратында.

Бұдан бұрын мұндай шешімді Англияның және Уэльстің жоғары соты және Киевтің Соломен аудандық соты шығарған болатын.

БТА банкі активтерінің көлемі жағынан қазақстанның банк жүйесіндегі екінші банк болып табылады. ҚБА деректеріне сәйкес, 2010 жылдың қаңтар айында банктің активтері - 2 трлн теңге, жеке капиталының тапшылығы – 1,48 трлн теңге болды. Аталған мерзімдегі банктің таза шығыны 2,1 млрд теңге болды. 2009 жылдың 2 ақпанында банктің қарпайым акцияларының «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ пайдасына мәжбүрлеп эмиссияланғаны туралы хабарланды.

2009 жылдың 20 сәуірінде банк өз кредиторларына негізгі қарыз бойынша төлемдерді тоқтата тұратындығы және банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жоспары жайында хабарлады. 21 қыркүйекте банк пен кредиторлар комитеті арасында қарыздарды қайта құрылымдауға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 26 қыркүйекте ҚБА БТА банктің нұсқасындағы банк қарыздарын қайта құрылымдау туралы жоспарды мақұлдады. 2009 жылдың 30 қазанында БТА банк акциялары KASE-де делистингтелді. 10 қарашадан бастап БТА банктің акциялары KASE-нің «листингті емес құнды қағаздар» секторында саудаға жіберілді. 7 желтоқсанда БТА банк кредиторлар комитетімен банктің қарыздарын қайта құрылымдау мәселелері бойынша келсімге келгенін хабарлады.

2009 жылы банк $4 млрд-қа міндеттемелерін төлеуі керек болған. Банктің бірлескен қарызы $12 млрд шамасында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364