Кембридж университетіндегі Қазақстан орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті
Ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев сөз сөйледі.
Наурыздың 9-ы күні Кембридж университетіндегі Қазақстан орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев сөз сөйледі. Министр осы іс-шараның Қазақстан мен Ұлыбританияның арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы елеулі оқиға екендігін атап көрсетті. Іргетасы 13 ғасырда қаланған Кембридж университеті - әлемдегі әйгілі университеттің бірі. Мысалы, бүгінде ол әлемдік рейтингте бесінші орында, оның 87 түлегі Нобель сыйлығының лауреаты.
«Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында қазақстандық білім әлемдік стандарттарға сай және жоғары оқу орындар әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындары рейтингісі қатарына ену керектігін атап өтті, біз өз кезегімізде сол жұмыстарды жүзеге асыру үшін ат салысуымыз керек», - деді министр.
Айтулы оқу орнында Қазақстан орталығының ашылуы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Кембридж университеті арасындағы уағдаластықтар нәтижесінде жүзеге асты. Бұдан былай орталық:
- Кембридж университетінде студенттер мен профессорлық – оқытушылық құрамның қазақ тілін және мәдениетін оқып үйренуінде көмек көрсетуді;
- Кембридж университетінде қазақстандық студенттердің білім алуын үйлестіруді;

- қазақстандық білім беру ұйымдары және ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп, оқыту және ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуды;
- лекциялар, конференциялар және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру арқылы екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуды;
- Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына өз профессорлары мен қызметкерлерін жіберуді іс жүзеге асыратын болады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кембридж университетімен барлық білім деңгейлерінде, соның ішінде бакалавриат, магистратура, доктарантура және ғылыми тағылымдама бойынша ынтымақтастықты дамытуда.
Кембридж университетінің атынан Кембридж колледжінің президенті Майкл Минден, Кембридждің Орталық-Азия форумының төрағасы Сиддхартта Саксена, Шығыс факультетінің профессоры Чарльз Мелвилль және т.б. салтанатты рәсімге қатысушыларды құттықтады. Олар қазіргі кезде Қазақстан Республикасымен арадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың дамуының қанағаттанарлық деңгейде екенін атап өтті және оны әрі қарай дамытуға қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді.
Жоғары қонақтар ішінде Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және өкілетті Елшісі Қайрат Әбусейітов те болды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ашылу құрметіне Орталыққа Қазақстанның тарихы, мәдениеті, ғылымы және қазақ халқының дәстүрі туралы таңдамалы кітаптар кітапханасын сыйға тартты.
Ашылу салтанатында іс-шараға арнайы келген Қазақстанның атақты мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті. Олар әйгілі қазақ композиторларының шығармаларын және халықтық әуендерді орындады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі