Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2212 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 10:33

Анталияда 21 қазақстандық апатқа ұшырады

Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандықтардың денсаулықтары жаман емес. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров хабарлады.

Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандықтардың денсаулықтары жаман емес. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров хабарлады.
«Дәрігерлер оқиғадан зардап шеккен бір Қырғызстан азаматының қолын кесіп тастады. Ал ауыр жараланған қазақстандық екі әйелдің біреуінің миы шайқалса, келесісінің омыртқасына зақым келген. Қазір оларға күрделі операция жасалды. Жағдайлары жақсы. Аурулардың көңілін аулау үшін олардың туыстары да ауруханаға орналастырылған», –дейді І.Омаров. Сонымен Түркияның Сиде қаласында қазір төрт Қазақстан азаматы емделіп жатыр. Бұған дейін жарақаты біршама жеңіл он астам адам алғашқы медициналық жәрдемнен кейін ауруханадан шығарылған. Алайда апатқа ұшырағандардың бәріне психологиялық көмек көрсетілуде. Өйткені кейбір жолаушылар, әсіресе балалар көлік көрсе, мазасызданатынды шығарғанға ұқсайды. Бұдан бұрын мәлім болғандай, мамырдың 22-сінде Анталия курортты қаласы маңында туристер мінген автобус тас жолдан аударылған еді. Көлікте 36 адам отырған. Оның 21-і – біздің еліміздің азаматтары. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысының мәліметінше, азаматтардың конституциялық құқығына қайшы келетіндіктен, апатқа ұшырағандардың аты-жөні жария етілмей отыр. Ал жол-көлік оқиғасына автобус емес, қарама-қарсы бағытта жүйткіп келе жатқан әлдеқандай жеңіл машина жүргізушісі кінәлі. Қазіргі уақытта бұл жайдың себеп-салдары әлі де толық тексеріліп жатыр. Сондай-ақ осы сапарды ұйымдастырмақ болған туристік компания сақтандыру бойынша жауапкершіліктерін орындауға ниет білдірген. Ал туристік сапарда жолы болмаған отандастарымызға қажетті көмек беруді Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бастаған жұмыс тобына тапсырды.
Владимир Божко, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрі:
– Біз оқиғаны алғашқы сәтінен-ақ бақылауымызға алдық. Атырауда ТУ-104 әуе техникасы дайындыққа келтірілді. Біздің ведомстводан бөлек, Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері де қазақстандықтарға қол ұшын беруге сақадай-сай. Бірақ азаматтарымызды дереу елге қайтарудың қажеттілігі бола қойған жоқ. Жол апатына тап болғандардың жағдайлары жақсарып келеді.

 

“Алаш айнасы” газеті 26 Мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443