Арын Премьерді неге алдады?
Павлодар облысына бір күндік іссапармен келген Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Екібастұз, Ақсу және Павлодар қалаларындағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, жаңадан бой көтерген шағын кәсіпорындардың ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ мектеп бітіріп жатқан түлектердің соңғы қоңырауына да уақыт бөлген Кәрім Қажымқанұлы аймақтағы ең беткеұстар білім ордасы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне де бас сұқты. Премьер-министрді қақпадан қарсы алған ПМУ ректоры Ерлан Арын оқу ордасының соңғы жетістіктерін жеткізе келе дағдарыс кезінде атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.
– Университет әлемді тығырыққа тіреп тұрған қаржы дағдарысынан сүрінбей шығу жолдарының бірі ретінде әкімшілік-басқару қызметкерлерінің жалақысына үстемеақы төлеуді тоқтатты. Басы артық іссапарлар шектеліп, халықаралық сөйлесулер азайтылды, – деп баяндады ПМУ ректоры Ерлан Арын.
Алайда университет басшысының кеше Премьер-министрге берген мәлімдемесі дәл сол сәтте облыстық прокуратура таратқан ақпаратқа қарама-қайшы келді. Павлодар облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, құзырлы орган С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жоспарлық тексеру жұмыстарын жүргізген.

Тексеру барысында университеттің ғылыми-іздену қызметін жүргізу кезінде студенттерді әдебиетпен және зертханалық жабдықпен қамтамасыз ету жөніндегі нормативтердің бұзылғандығы анықталды. Сонымен қатар қаржыны тиімсіз жұмсау, университеттің кейбір қызметкерлеріне үстемеақы мен сыйақыны негізсіз төлеу фактілері анықталды.
«Облыс прокуратурасының тексеруі нәтижесінде университет ректоры атына заңбұзушылықты жою жөнінде ұсыныс енгізілді, онда университеттің шығыстарын төмендету және оңтайландыру ұсынылды, бұл студенттердің оқу бағасын төмендетуге мүмкіндік береді» деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.
Сонда университет басшылығы облыстық прокуратураның бұл ескертпесінен бейхабар болғаны ма, әлде Премьерге жалған ақпар беріп алдап соққаны ма? Ал соңғы кездері Үкіметте мемлекеттік тілде сөйлеп, тіпті қажет жерінде өзге тілді де жатсынбай, арабтарды да аузына қаратқан Кәрім Мәсімов Кереку жерінде қысқа да болса қазақша сөйледі. Бас министр осы үш ауыз сөзбен-ақ бір күндік іссапарының мақсат-мүддесін айтып берді.
Кәрім Мәсімов, Премьер-министр:
– Өткен аптада біздің Елбасы «Нұр Отан» партиясының съезінде Үкіметке бірнеше нақты тапсырма берген. Жаңа индустрия, жаңа технология бағдарламаларын дайындау керек. Сол себепті мен бүгін әріптестеріммен осында келдім.
Есенбек Санатұлы, Павлодар
“Алаш айнасы” газеті 26 Мамыр 2009 жыл