Өзбекстанда ұсталған қазақстандықтарға қатысты кезекті сот отырысы 28 мамырда өтеді
Нүкіс, Өзбекстан. 27 мамыр. ҚазТАГ - Өзбек билігі шекараны заңсыз кесіп, ұрлық жасады деп айыптап отырған 27 қазақстандыққа қатысты кезекті сот отырысы 28 мамырда өтеді. Олардың туыстары сот амалына ҚР өкілдері қатыспайтынына қатысты алаңдап отыр, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.
Бұрын хабарланғандай, дүйсенбі күні 25 мамырда өзбектің Нүкіс қаласында қазақстандықтардың үстінен сот амалы басталды. «Бірақ Қазақстанның Өзбекстандағы консулы Бабыр Дәуренбековқа хабар жіберілгеніне қарамастан, сот амалына айыпталушылар мен олардың туыстарынан басқа, Қазақстанның ресми өкілдерінен ешкім қаьысқан жоқ», - деп атап көрсетті сотталушылардың туыстары.
23 мамырда Ақтөбеден жолға шыққан айыпталушы жүргізушілердің апалары, әйелдері мен ағалары, барлығы 15 адам қазір Нүкісте.
Олардың айтуынша, қазақстандықтар өз кінәларын мойындамай отыр.
Нүкіс қаласының 9-ТО-ға қамалған қазақстандық жүргізушілердің бірінің апасы Жанар Сағынбаева адвокат Асқаров Асанның ақпаратына сілтеме жасап хабарлағандай, алдын ала тергеу барысында бір де бір қазақстандық өздеріне тағылған айыптармен келіскен жоқ және кінәсін мойындаған жоқ.
Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұртай Әбіқаев қазақстандықтардың барлығы өзбек шекарасын заңсыз кесіп өткенін және ұрлық жасағанын мойындады деп мәлімдеген болатын.

Бұрын хабарланғандай, 26 ақпанда Өзбекстанның құқық қорғау органдары 25 жүргізуші жүрігізіп келе жатқан автокеруенді тоқтатқан. Олар Шалқар ауданының Бозой мекенінен «Құланды» шекара заставасын айналып өтіп, Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен. Топ өзбекстандық металл сынықтарын ұрлауды жоспарлаған. Алайда қолға түсіп, Қарақалпақстан Республикасының Нүкіс қаласына жеткізілді. Барлық азаматтар - Ақтөбе облысының тұрғындары.
Оларға қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін бірден қылмыстық іс қозғалды.
Кейін Ақтөбеде жүргізушілерді Өзбекстан аумағынан құбыр ұрлау үшін жалдаған екі тапсырыс беруші ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК «экономикалық контрабанда» 209 б. 3т. бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу оқшаулағышына 1963 және 1966 жылдары туған екі азамат қамалды, олар бірнеше жыл бойы металл сынықтарын жинаумен, қара металды төмен бағамын сатып алып, сатумен айналысқан.