Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының демаркациясы басталды, ол 10-15 жылға жалғасады
Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның Атырау облысының және Ресейдің Астрахан облысының шекарасында өткен сенбіде екі елдің арасындағы мемлекеттік шекараның сызығын анықтайтын алғашқы шекара белгілері орнатылды, деп хабарлады республика қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсімге Астрахан облысының губернаторы Александр Жилкин және Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов қатысты. Бұл екі облыстың шекарасына 15 баған орнатылды.
Жалпы ұзындығы 7591 шақырым болатын қазақстан-ресей шекарасында 4 мыңнан аса шекара белгілері орнатылады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
«Мамандардың пікірінше, екі жақтан шекара белгілерін орнату үшін 10-15 жыл уақыт керек», - деп атап көрсетілген хабарламада.
Қазақстан мен Ресей бірлескен мемлекеттік шекараның делимитациясын 2005 жылы аяқтады.