Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2950 0 пікір 21 Наурыз, 2010 сағат 08:06

Республиканың солтүстігінде, орталығы мен шығыс облыстарында

бұрқасынға байланысты көлік министрлігі жақын күндері авто жүргізушелірдің жолға шықпауын сұрайды

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанның басым аумағында бұрқасындатады деп күтілуіне байланысты көлік және коммуникация министрлігі жақын күндері аталған аумақтарда автокөлікпен жолға шықпау керектігін ескертеді.

«Гидрометеоролоиялық орталық мониторингінің мәліметтерінше 21-24-ші наурызда еліміздің барлық солтүстік, орталық және шығыс облыстарында бұрқасындатып, желдің жылдамдығы 25 м/с-қа жетеді», - делінген сенбі күні таратылған хабарда.

Осы себепті көлік министрліг республика тұрғындарына үндеу салады: «Төтенше жағдайларға ұрынып қалмау үшін, ауа райы жақсарғанша жақын күндері жолға шықпауларыңызды өтінеміз және Қазақстан гидрометеорологиялық қызметінің хабарларына назар салыңыздар».

Хабарда айтылғандай, министрліктің республикалық «Қазавтожол» кәсіпорнында тәулік бойына кезекшілік тәртіппен халықты автомобиль жолдарының жабықтығы туралы ақпарат беретін диспечерлік қызмет жұмыс істейді – (7172) 23-89-25, 23-89-34. Сондай-ақ жолдарға қатысты ақпараттарды күн сайын «Қазақ радиосы», «NS» және «Авторадио» радиоарналары хабарлап отырады және министрліктің  www.mtk.gov.kz сайтында жарияланады.

Осындай диспечерлік қызмет барлық өңірлерде бар. Баспасөз қызметі олардың телефондарын жариялады:  Ақмола облысы (7162) 77-10-15; Алматы облысы (7272) 95-80-09, 95-88-74; Ақтөбе облысы (7132) 54-46-42, 54-40-36; Атырау облысы (7122) 29-01-44, 29-21-80; Шығыс Қазақстан облысы (7232) 26-28-08, 24-08-98; Жамбыл облысы (7262) 31-50-83, 31-60-05; БҚО (7112) 51-08-80, 51-06-10; Қарағанды облысы (/7212) 73-40-01; Қостанай облысы (7142) 55-82-25, 55-82-30; Қызылорда облысы (7242) 27-64-85, 27-77-06; Маңғыстау облысы (7292) 60-53-06, 60-53-07; Павлодар облысы (7182) 57-09-44; СҚО (7152) 36-74-39; ОҚО (7252) 55-80-95.

Сонымен бірге көлік министрлігінің баспасөз қызметі Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде жолдарды тасқын су шайып кетуі мен бұрқасынға байланысты қозғалыс шектеулі екенін хабарлайды.

Алматы облысында Алматы-Өскемен трассасындағы көпірді қалпына келтіру жүргізіліп жатыр, Үшарал – Достық автожолының  топырақ төсенішін су шайып кеткен.

ШҚО-да Омбы – Майқапшағай тас жолының Көкпекті – Зайсан (1002-1256 км), Қалжыр - Теректі (22-124 км) учаскелерінде; Қарағанды –Аягөз – Бұғаз автожолының Қарағанды облысының шекарасы – Ақсуат (320-900 км); Таскескен – Бахты (0-187 км);

Семей – Қайнар (8-284 км); Алматы-Өскемен автожолының Алматы облысының шекарасы – Ұлан (615-1054 км); Өскемен – Зыряновск автожолының учаскесі (0-166); сондай-ақ Семей – Новоалтайск (2-113 км) автожолындағы қозғалыстарға шектеу қойылған.

Жолдың аталған учаскелерінде 229 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364