Ақсуат "аралға" айналды
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат елді мекенінің төңірегіндегі Көкжыра, Жәнтікей ауылдарын су алып жатыр. Редакциямызға қоңырау шалып хабарласқан Майра Солтанғазықызы Жәнтікей ауылындағы үш жүзге жақын үйдің көбін тасқын су шайып кетті деп хабарлады. Елдің алдындағы ірі-қара мал атаулыны да алапат тасқын жұтып қойыпты. Куәгердің сөзіне қарағанда, адам шығыны жоқ көрінеді.
Бізбен тікелей байланысқа шыққан Мейрамбек есімді тағы бір куәгер бүгін таңғы сағат төртте жәнтікейліктердің тегіс Ақсаутқа жеткізілгенін айтты.
- Ауылда байланысшылардан басқа жан қалған жоқ. Тасқыннан кейін аяз қайтадан күшейіп, айналаны ақ долы боран басты. Әйтеуір, адам шығыны болған жоқ. Бірақ, қатты шошынып құлаған үлкендер мен жас сәбилердің арасында тұмауратып жатқандар бар. Тап қазір біз Ақсуаттағы аудан әкімшілігінң алдында тұрмыз. Облыс әкімі келетін болды, - дейді ол.
Көкжыраны да су алған. Көкжырамен өкінішке қарай, хабар алыса алмай тұрмыз. Көкжыраға баратын жол жабық. Ал, аса қауіпті жерге орналасқан Кіндікті ауылы туралы мүлдем ақпар жоқ.
Ақсуатқа кеше облыстық әкімшіліктен жасақталған топ тікұшақпен барып қона алмай кетікен көрінеді.

"Наурыз-думанды көрсетіп, әкім-қаралардың құттықтау сөздерін беріп той-тойлаған телеарналар біздің халімізді ашық жария етсе екен", - дейді жан-жағын тасқын алып құрлық бетіндегі "аралға" айналған ақсуаттықтар.
"Абай-ақпарат".