Жәкішев Қазақстанның ірі уран кен орындарындағы үлестерді оффшорлық фирмалардың пайдасына беру арқылы мемлекетке шығын келтірді -ҰҚК
Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ – Қазіргі уақытта ҚР бас прокуратурасы, қаржы полициясы, қаржы министрлігі мен ҰҚК қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық топ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізіп жатыр, делінген ҰҚК-нің баспасөз мәлімдемесінде.
«Тексерудің алдын ала қорытындысы көрсетіп бергендей, Мұхтар Жәкішев және ұлттық компанияның басқа басшылары қызмет бабын пайдалана отырып, мемлекеттің сеніп тапсырылған Қазақстанның ірі уран кен орындарындағы үлестер түріндегі мүлігін оффшорлық аймақтарда тіркелген фирмалардың пайдасына беру арқылы үлкен экономикалық залал келтірді», - деп атап көрсетілген хабарламада.
Хабарламада атап көрсетілгендей, М. Жәкішевтің тапсырмасымен 2005 жылы «Кең Дала KZ» АҚ жеке меншік компаниясы құрылды, кейін осы компанияға Қызылорда облысындағы «Мыңқұдық» уран кен орнындағы «Центральный» учаскесінің қойнауын пайдалану құқығы ақысыз түрде берілген. Осы уақытта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзге оффшорлық компанияға Қызылорда облысындағы «Қызылқұм» ЖШС-ндегі 30% үлесті небәрі 15 млн 600 мың теңгеге сатқан. Басқа да кен орындарының байлығын пайдалануға құқықтарды заңсыз берудің деректері анықталған.

Анықталған деректер бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыстық іс қозғады. Тергеу тобы қылмыстың қатысушылары мен оны жасаудың негізгі жоспарын, сондай-ақ, қаржыны жымқыру мақсатында арнайы ашылған жалған фирмалар мен компанияларды анықтаған.
«Бұл іс бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-нің» түрлі деңгейдегі жеті басшысы негізді түрде күдіктеліп отыр, оларға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданады. М.Жәкішевке қатысты сот «қамауға алу» бұлтартпау шарасын таңдады», - деп атап көрсетеді ҰҚК баспасөз қызметі.
Қылмыстық істің тергелу барысын ҚР бас прокуратурасы бақылап отыр.