Ауа райы нашарлауына байланысты енді Қазақстанның бес өңріндегі автокөлік қозғалысына түзетулер енгізілді (толықтырумен)
Астана. 26 наурыз. ҚазТАГ – Ауа райы нашарлауы себепті күні бойына еліміздің төрт облысындағы автокөлік қозғалысына шектеулер қойылып, не түзетулер енгізілді. Ал жұма күні кешкісін тағы бірнеше тас жолдарда қозғңалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлады Қазақстан ТЖМ.
Ақмола облысында жол көріну қашықтығының нашарлауы себепті 20 сағат 30 минуттан бастап Астана-Көкшетау тас жолының Кенесары кентінен Макинск қаласына дейінгі учаскесі көліктің барлық түріне жабылды.
Ал сағат 20-да көктайғаққа байланысты Қарағанды Астана тас жолы жабылды.
Министрліктің дағдарыс орталығына аймақтардың шұғыл әрекет жөніндегі қызметтерінен келіп түскен жедел мәліметтер бойынша, 9 сағат 30 минуттан бастап Шығыс Қазақстан облысында алай-түлей бұрқасын басталуы себепті республикалық мәндегі Өскемен – Алматы (615–1079 км), Өскемен-Зыряновск (0–46 км) және Омбы – Майқапшағай (0–124 км – Қалжыр – Теректі) тас жолдары көліктің барлық түріне жабылды.
Автокөлік қозғалысына осындай түзетулер бұрқасынға байланысты 12 сағат 30 минуттан бастап Қостанай облысының республикалық мәндегі «Денисовка-Жітіқара-Мүктікөл-Ресей Федерациясының шекарасы» тас жолының 82-ші – 174 –ші шақырым аралығында енгізілді, делінген таратылған ақпаратта.
Алматы облысында ауа райына байланысты Алматы-Өскемен тас жолы сағат 13-тен бастап көліктің барлық түріне жабылды.

Одан басқа, 8 сағат 30 минуттан Қарағанды облысының территориясында бұрқасын мен жол қашықтығының нашарлауы себепті, Павлодар-Қызылорда жолы жабылды. Ерекше жағдайда жүк машиналарын жол полициясы алып жүріп, колоннамен өткізіліп жатыр.
Сондай-ақ, Алматы-Екатеринбург тас жолының 499-шы шақырымындағы қозғалыс шектеулі, себебі онда қозғалыс екі бағытта да бір ғана жолақпен жүргізіліп жатыр.