Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2548 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 04:35

ҚР іскер топ өкілдері Мұхтар Жәкішевті қолдап мемлекет басшысына ашық хат жолдады

Алматы. 27 мамыр. ҚазТАГ – Іскер топ өкілдері Мұхтар Жәкішевті қолдап, мемлекет басшысына, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке қатысты оқшауландыру шартын өзгертуін, сонымен қатар оның қылмыстық ісі бойынша тергеу амалдарының ашық жүргізілуін өтініп, ашық хат жолдады.

Осындай құжат сәрсенбі күні таратылып, соның ішінде ҚазТАГ-қа да келіп түсті. Бұл хатқа Наван Аханов, Раимбек Баталов, Сержан Жұмашев,  Тимур Исатаев, Зейнулла Кәкімжанов, Еркін Қалиев, Сакен Сейфуллин, Нұрлан Смағулов, Нұржан Сұбханбердин және басқалар қол қойған.

«Ашық хатпен өтініш жасауға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қамауға алынуы себеп болды. Ол он жылда атом өнеркәсібін әлемдік көшбасшылар қатарына шығарған адал да, талантты топ-менеджер ретінде белгілі. Мұхтар Жәкішевтің адалдығы мен принциптілігі осы жыдары «Қазатомөнеркәсіпті» атом өнеркәсібінің әлемдік көшбасшылар қарына тартты», - делінген үндеухатта.  

Мәлімдемеде көрсетілгендей, «М. Жәкішев ешқашан жемқорлық дау-дамайға іліккен емес, оның аброй-беделі таза». «Оның тұтқындалуы түсініксіз, және ел ішіндегі бизнес климатқа кері әсерін тигізеді, себебі қазақстандық кәсіпкерлер бұдан былай өздерін заңмен қорғалатындықтарына сенімсіз», - дейді хат авторлары.

Олардың пікірінше, «Қазатомөнеркәсіптің» төңірегінде қалыптасқан ахуал «міндетті түрде елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді, себебі ұзақ уақыт бойы Мұхтар Жәкішев басқарған компаниямен АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония мен басқа да елдердің атом кәсіпорындары белсенді ынтымақтастықта болған».

«Осы жағдайда өзіңізге тән прнициптілігіңіз бен әділдігіңізді танытып, Мұхтар Жәкішевтің тағдырын назардан тыс қалдырмау керектігін өтінген болар едік. Біздер Мұхтар Жәкішевпен болып жатқан оқиғаға ықпал етуіңізді өтінеміз. Оқшауландыру шарасын өзгерту қажет, қазір танымал қазақстандық менеджерді сыртқы өмірден мейлінше шектеп, адвокат таңдауға кедергі келтіріп, оқшаулау бөлмесінде ұстап отыр», - делінген ҚР президентінің атына жазылған үндеухатта.

Хат авторлары сонымен қатар президенттен М. Жәкішевке қатысты қылмыстық істі ашық жүргізілуін сұрайды, «себебі бұл жағдайда «құпия» жүргізу елдегі инвестициялық климатты және «Қазатомөнеркәсіптің» жағдайын нашарлатады». Олардың пікірінше, құқық қорғау органдары тергеу әрекеттерінде объективтілікті сақтап, фактілерді бұрмаламай және заңдылықтарды сақтаулары тиіс.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404