Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3556 0 пікір 3 Сәуір, 2010 сағат 07:16

Республиканың оңтүстік өңірлерінде жел күшейіп, Қазақстанның орталығында өзендер тасиды

Алматы. 3 сәуір. ҚазТАГ – Республиканың қиыр оңтүстігі мен солтүстік-шығысына сенбі күні циклон ықпал етеді, ал Қазақстанның басқа көптеген облыстарындағы ауа райын бұрынғысынша антициклон анықтайды, деп хабарлады ТЖМ.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді. Маңғыстау, Ақмола, түнде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында – кей жерлерде тұман түседі. Алматы облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады.

Алдағы үш күнде батыс өңірдің өзендері мен Қазақстанның орталығындағы өзендерде су арнасынан асып тасуы мүмкін. Қостанай облысынның өзендерінде сең қозғалады. Жақын күндері жауынды болады деп күтілуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының тау бөктеріндегі өзендерде су деңгейі құбылып, жекелеген өзендердегі су деңгейі көтеріледі.

Күннің жылуына байланысты Шығыс Қазақстан өзендеріндегі сең бұзылып, өзендерде мұз тоспалар пайда болып, су деңгейі көтеріледі деп күтілуде.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 974
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2493
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 678
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 651