Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3343 0 пікір 5 Сәуір, 2010 сағат 16:54

Салық қызметі Астанада өткізіп жатқан «Чекті талап ет – автомобиль ұтып ал» акциясының жеңімпазына автокөлік уәде береді

Астана. 5 сәуір. ҚазТАГ – ҚР қаржы министрлігінің салық комитеті 1-ші сәуірден 30-шы маусымға дейін Астанада «Чекті талап ет – автомобиль ұтып ал» акциясын өткізеді, деп хабарлады дүйсенбі күні салық комитетінің баспасөз қызметі.

«Кез келген тауарды сатып алғанда сіз заңды түрде тауарлық чек талап ету арқылы автомобиль ұтып алуыңызға болады. Автомобильден басқа қосымша жүздеген ұтыстар: тоңазытқыш, кір жуатын машина, телевизорлар, микротолқындық пештер, ноутбуктар, музыкалық орталықтар мен басқа да ұтыстар ойналады», - делінген хабарда.

Салық қызметі автомобиль маркасы мен оның қайдан екенін айтпайды. Баспасөз қызметінен хабарлағандай, акция «халықтың салық мәдениетін арттыру мақсатында, кассалық чектерді беруге халықтың бақылауын орнату үшін», «Нұр Отан» партиясының астаналық филиалының және қала әкімшілігінің бастамасымен өткізіліп отыр.

Акцияға қатысу үшін астана тұрғындары мен қонақтары Астанада тауар сатып алған кассалық чектерін (сауда автоматтарының және төлемдерді қабылдау терминалдарының чектерінен басқасы) ұлттық лоторея қабылдау қосындарына өткізіп, ойын купонына ауыстырып алуларына болады.

Ойын купонын ұлттық лоторея өкілі тегін түрде жалпы сомасы 10 мың теңгелік кем дегенде 5 кассалық чекке алмастырып береді.

Кассалық чек беруден бас тартқан жағдайда қалалықтар қалалық салық департаментінің келесідей сенім телефонына: 8 (7172) 77-31-90 хабарлауына болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371