Алматыда қымыз фестивалі өтеді
Алматы. 28 мамыр. ҚазТАГ – Данабек Бименов. 30 мамырда Алматыда Республика алаңында «Қымызмұрындық» фестивалі өтеді. Бұл туралы «Саржайлау» қымыз орталығының президенті Ахметбек Нұрсилa бейсенбі күні Алматыдағы баспасөз мәслихатында хабарлады.
Оның айтуынша, бұл акцияны «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан халқының ассамблеясы, мәдени саясат және өнертану институты қолдап отыр.
Фестиваль шеңберінде ақындар айтысы, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік және қазақтың ұлттық асханасының басқа да тағамдарын ұйымдастырушылар мәлімдегендей «мерекелік бағамен» сату ұйымдастырылады.
Фестивальдің ұйымдастырушылары бұл шарадан салауатты өмір салтын, дәстүрлі қазақ мәдениетін, қазақтың ұлттық аспаздығының дәстүрлерін насихаттауды көріп отыр.
«Біз қымыздың кең көлемдегі өндірісін қайта жандандыруға ниеттіміз және осыны насихаттаймыз», - дейді «Саржайлау» қымыз орталығының президенті Ахметбек Нұрсилә.

Бұрын хабарланғандай, ағылшын ғалымдарының мәліметінше, «осыдан алты мың жыл бұрын Қазақстанның солтүстік далаларында мекен еткен адамдар бірінші болып жылқыны қолға үйреткен, бұл бұған дейін болжанғаннан мың жыл бұрын болған». Ғалымдар Ботай ежелгі мәдениетінің аумағында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу кезінде жылқының сүйектері мен тіс қалдықтарын тапқан, ал жылқының тістерінде жүген немесе сол сияқты заттан қалған із болған, ал құмыра қалдықтарын зерттеу барысында одан жылқы сүтінің қалдықтары анықталған.
Британдық Эксетер қаласы университетінің ғалымы Алан Аутрэмнің пікірінше, «бұл Еуропа тұрғындары жылқыны қолға үйреткеннен 2 мың жыл бұрын Орал тауларының шығысында жылқыны таңдап, көбейтіп, үй шаруашылығында пайдаланғанын көрсетеді».
«Қымызмұрындық – қазақтың ежелгі ұлттық дәстүрі – бүкіл ауылдың ақсақалдары мен құрметті қонақтарын шақырып, қымыз маусымының басталғанына орай мереке ұйымдастырылатын», – деді этнограф Қажытай Ілиясов баспасөз мәслихаты барысында.
Қымыз – жылқы сүтінен сүт қышқылы және спиртті ашытқы нәтижесінде алынатын қышқыл сүтті сусын.
Ұлттық тағам академиясының президенті, академик Төрегелді Шармановтың айтуынша, қымыздың пайдасы мен оның емдік қасиеттері туралы ежелден белгілі болған. «Бүгінгі күні қымыз өзінің емдік қасиеттерінің арқасында бүкіл әлемге танымал. Соңғы жылдары АҚШ пен Жапонияның биохимиктері қымызды терең зерттеумен айналысуда», - деп атап көрсетті ол.