Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2886 0 пікір 7 Сәуір, 2010 сағат 05:41

Бас хатшы жаны ашып жақ ашпады. Неге?

Семей ядролық полигонында 1949-89 жылдар аралығында 500-ге тарта ядролық сынақ жүргізіліп, 1,5 миллион адам зардап шеккен еді. Аранын қанға толтырған бұл  аждаҺа қырық жыл бойында қазақты бұрын соңды адам баласы көрмеген қайғы қасыретке душар еткен болатын. Сол бір сұмдықпен салыстыруға келмейді,  бірақ осы күндері Шығыс Қазақстан облысы табиғат апатына ұшырап қатты қиналып жатыр. Бір таңданарлығы Курчатов қаласына әлейтен барған БҰҰ Бас хатшысы Қызылағаш қырғыны мен еліміздің шығыс аймағындағы шындықты  білмей аттанғанға ұқсайды. Себебі мемлекеттік телеарналар Пан Ги Мун мырзаның апатқа ұшыраған ел туралы жаны ашып жақ ашқанын көрсете алмады.  Ал оның қасына еріп жүрген сапарласы Қанат Саудабаевтың жайы екібастан белгілі ғой. Ол да Бас хатшының жылы сөзіне жалпақтап жауап қайтарумен ғана шектелді.

Ал, Шығыс Қазақстандағы өзен-сулардың аңғарында орналасқан елдi мекендерге кезекті қауіп төніп тұрағыны анықталуда.  Әлгіндей ауылдардың қатары Катонқарағай ауданында - 21, Көкпектiде - 15, Жармада - 16, Зырянда - 9, Тарбағатайда - 15, Үржарда -12, Ұланда - 10, Аягөз бен Шемонайха аудандарында - 6 екен.  Сондай-ақ,  Күршiм және Маралды өзендерiнiң бойында 12 ауыл орналасса, Қалжыр, Қара Ертiс, Қара қаба, Жаман қаба сияқты өзендердi жағалай 14 елдi мекен қоныс тепкен. Күн райы күрт жылынған жағдайда бұл ауылдар алапат тасқынның астында қалуы әбден мүмкiн.

Ел іші осылайша қауіп құрсауында отырғанда құлқыны кепкен қулар азық-түлік пен жанармайдың бағасын аспандатып құтырынып жүр. Облыс әкімінің селекторлық кеңесінде осы жайтқа баса көңіл бөлінгені туралы хабарлайды редакциямызға Өскемен қаласындағы әріптестеріміз.

Республика көлемінде белгіленген ортақ бағаның соңғы кездері көтерілуі заңдылықтан гөрі қолдан жасалған әрекетке көбірек ұқсайды. ШҚО-дағы кейбір аудандарда дизел отыны мен АИ-80 маркалы бензиннің құны күрт өскен. Мәселен,  Зайсанда аталған бензиннің бір литрі 72 теңгеге жетсе, Тарбағатай ауданында 75 теңге, Үржарда 64 теңгені құраған. Бүгінгі қалыптасып отырған апатты пайдаланып, былайша айтқанда, жанармайға деген сұраныстың арта түскенін біліп, бәзбір кәсіпкерлер бағаны аспандата қойған сияқты. Алайда, облыс басшысы мұндай жүгенсіздікке жол бермейтіндігін айтып, тиісті орындардың жетекшiлерiне екі-үш күннің ішінде барлығын ретке келтіруді тапсырды. Заңсыздықтары анықталса кінәлілер мiндеттi түрде жауапқа тартылады. Оның үстіне жанар-жағармай қорының аудандарға жеткізілуі кешеуілдеп жатыр. Соның салдарынан шалғайдағы елді мекендерде тапшылық туындап, сұраныс күшейгендіктен алыпсатарлар сұйық отынды қымбатқа саудалай бастапты.

Бағаның жоғарылауы жанар-жағармайда ғана емес, күнделікті тұрмыста тұтынатын азық-түлік тауарлары мен ет, сүт, ұн өнімдерінде де көрініс табуда. Сырттан әкелінетін жеміс-жидек түрлерін былай қойғанда, өңірдің өзінде өсетін картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ тәрізді көкеністердің құны өткен жылмен салыстырғанда екі-үш есеге артқан. Мұның сыртында жылу, электр энергиясы, коммуналды қызмет  төлемдерінің қымбаттауы тағы бар.

«Жыл басынан бастап азық-түлік бағасының өсуіне ерік беріп қоятын болсақ кәсіпкерлермен арадағы меморандумды не үшін жасадық?  Қоймадағы картоптың бір келісі 40 теңге тұрса, дүкендерде неге ол 100 теңгеден сатылады? Бағаны осынша көтеруге неге жол беріп отырмыз? Осыған жауапты адамдар апта сайын, тіпті қажет десе күнделікті қаладағы сауда орындарын аралап, аудандарға шығып тауар бағасын реттеуды қолға алулары керек. Әйтпесе инфляцияны ауыздықтай алмаймыз», - деп кесіп айтқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев орынбасары Григорий Пинчуктің жұмысына көңілі толмайтындығын білдірді.

Алайда,  БҰҰ Бас хатшысының тарапынан жанашырлық лепес байқала қоймаған соң отбасы Ресейде тұратын Пинчукке өкпеле мейлі өкпелеме, бұл қиындық қазақтың ғана арқасын аяздай қарайтыны белгілі болды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371