Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2486 0 пікір 15 Сәуір, 2010 сағат 05:08

ДIН ДӘСТҮРДI ТӘРК ЕТСЕ...

Кезiнде кеңестiк идеологияда «дiн - апиын» деген сөз болушы едi. Сол «апиынның» әсерi соңғы жылдары қоғам өмiрiн меңдей бастаған сияқты.

Ол әсiресе жастардың санасына қатты әсер еткенi сондай, жуық он жылда дiн тақырыбы Қазақстанның елдiк мәселесiне, бәлки проблемасына айналуы мүмкiн деген жорамал бар.

Ал оқыған-тоқыған жастардың осы тақырып төңiрегiндегi пiкiрi қандай? Осы сауал жайында сөз қозғау үшiн, бiздiң тiлшiмiз Жұқамыр Шөке жас жазушы Қанат Әбiлқайыр мен журналист-зерттеушi Арман Әубәкiрдi пiкiр алмасуға шақырған едi.

Жұқамыр ШӨКЕ: Сонымен, жiгiттер, бүгiнгi қоғам өмiрiндегi ислам дiнiнiң жастар арасындағы орны мен қандай да болсын рөлi туралы әңгiме-сұхбат өрбiтейiк. Жастарды дiннiң дендеуi - жақсылық па, жоқ әлде өркениетке ұмтылған елдiң болашағы үшiн қатерi көп жағдай ма? Дiн мен ұлттық дәстүр деген ұғымдарды тарқатып көре­йiк.

Кезiнде кеңестiк идеологияда «дiн - апиын» деген сөз болушы едi. Сол «апиынның» әсерi соңғы жылдары қоғам өмiрiн меңдей бастаған сияқты.

Ол әсiресе жастардың санасына қатты әсер еткенi сондай, жуық он жылда дiн тақырыбы Қазақстанның елдiк мәселесiне, бәлки проблемасына айналуы мүмкiн деген жорамал бар.

Ал оқыған-тоқыған жастардың осы тақырып төңiрегiндегi пiкiрi қандай? Осы сауал жайында сөз қозғау үшiн, бiздiң тiлшiмiз Жұқамыр Шөке жас жазушы Қанат Әбiлқайыр мен журналист-зерттеушi Арман Әубәкiрдi пiкiр алмасуға шақырған едi.

Жұқамыр ШӨКЕ: Сонымен, жiгiттер, бүгiнгi қоғам өмiрiндегi ислам дiнiнiң жастар арасындағы орны мен қандай да болсын рөлi туралы әңгiме-сұхбат өрбiтейiк. Жастарды дiннiң дендеуi - жақсылық па, жоқ әлде өркениетке ұмтылған елдiң болашағы үшiн қатерi көп жағдай ма? Дiн мен ұлттық дәстүр деген ұғымдарды тарқатып көре­йiк.

Қанат ӘБIЛҚАЙЫР: Алланың бар екенi - хақ шындық! Мен мұны жоққа шығара алмаймын. Және бұл жайында осы сұхбат барысында кереғар пiкiр айтқалы отырған жоқпын. Дегенмен бүгiнгi күнi дiнде ұлттық дәстү­рi­мiзге қай­шы келетiн жағдайлар орын алуда. Мәселен, жуырда екi жас­тың үйлену тойын басқарған асаба: «Адам Алладан бас­қа ешкiмге бас имеуi керек», - деп, қазақы дәстүрдi тәрк етiп, жас келiнге сәлем салдырмапты. Мұнысы ендi адасқандық қой! Келiннiң сәлем салуы - қазақы салт бойынша жаңа түскен келiннiң «ант қабылдау» рәсiмi сияқты. Өйткенi сәлем салғанда, әулет­тегi адамдардың аттары рет-ретiмен аталады. Ол кiмнiң жасы, жолы, қадiрi үлкен екенiн айқындайды. Қысқасы, жас келiнге елдi, руды, отбасы мүшелерiн та­ныс­тыру және жөн-жосықты түсiн­дiру әбестiк емес. Сонымен бiрге беташарда келiнге тiлек, тәлiм‑тәрбие айтылады.

Сол сияқты, өлген адамға жоқтау айттырмау керек деген сөз шығып жүр. Жоқтау - бағзыдан келе жатқан ұлттық дәстүрiмiздiң бiр түрi. Жоқтау арқылы өлген адамның жақсылығы айтылады. Мұндай дәс­түр­­ле­рiмiздi жоққа шығарудың астарында бөтен мақсат, бөгде күштер бар болуы әбден мүм­кiн. Пайғамбарымыздың өзi дiн тарату үшiн жолға шыққан сахабаларға: «Егер дiндi алып барған жерлерiңдегi халықтың дәстүрi дiнге қайшы келмесе, онда олардың салт-дәстүрiне, ұстанымына тиiспеңдер», - деген екен.

Арман ӘУБӘКIР: Қазiр бiз­дiң замандастарымыздың, яғни дiн тұтып жүр­ген жастардың бойында бiр жаман қасиет пайда бол­ған. Яғни көп жағдайда дiни сенiм­дерi, бiлiмдерi толық қа­лып­таспаған жастар өзiнен үл­кен кiсiлерге ақыл айтады. Мә­селен, өздерiне парыз ретiнде сырттан айтылған дiни қағидаларды өз­дерi жете түсiнбей жатып, бас­қаға насихаттайды. Не­ме­се орын­дауға шарт ретiнде айтады. Олар: «Мынаны орын­да­масаң тозақтық боласың, жаннатта бо­ла алмайсың», - деген сияқ­ты өздерi толық түсiн­бейтiн «ережелер» айтып, адасып жатады.

Дiн қорқыныштың құралы болмауы керек. Иә, дiн жолына түсiп, пенделiктен тазарған дұ­рыс. Бiрақ шала дiндарлар Құ­дайды айту арқылы қарапайым адамдарды қорқытады. Олар тозақты, ақырзаманды алға тартып, жамағатты дiннен өздерi бездiрiп жүрген сияқты. Дiнде имандылықты айту жолымен iзгiлiк­тi насихаттау қажет емес пе едi? Сонда ғана Алланы шек­сiз сүймес пе едiк?

Дiнде iшкi мазмұн мен сырт­қы форма қабысып тұруға тиiс. Мәселен, кейбiр жас­тардың көз­­­қарасы бойынша, бес парызды өтеп жүргендер ғана - мұсылман, ал оны өтемегендер мұсылман бола алмайды екен. Бәлкiм, орамал тартқандардың өзi ақшам намазын өтеп алып, түнгi клубтардың сәнi болып жүрген шығар?

 

Қазiр бiздiң елде сақал қойған жiгiттердi көргенде қорқыныш туатын болды. Бұл да - дiн­нiң дұрыс жолмен насихатталмауы. Сақалды адамды көргенде: «Террористер емес пе?» - деген ой келедi санаға. Қазақ сақалды қасиеттi санайды. Рухани дең­гейi кемелденген, ел тағдырына ара түсе алатын ақсақалдар ғана сақал қойған. Қазiр көлденең көк атты сақал қойып, оның қадi­рiн кетiрiп жүр.

Ж.Ш: Сақалды ер азаматтарды көргенде, жүректе туатын қорқыныш ислам мемлекет­терiнде болып жататын террорлық пен зұлымдықтардың салдары емес пе? Ислам мемле­кеттерi мұнайдың астында отырып, дамуы жағынан неге Еуропаның шалымына жете алмайды деп ойлайсыздар? Неге ислам елдерiнде ғана үнемi жарылыс, қанды оқиғалар болады?

Қ.Ә: Дiннiң мемлекеттi құру, басқару... және құрту құралы екенi - тарихтан мәлiм жайт. Негiзiнде, дiнде болатын бес таған сияқты мемлекеттi басқарудың да бес тағаны болуы керек. Дiндегi бес таған: иман, сенiм, қызмет, қажылық, зекет. Ал мем­лекеттi басқарудағы бес таған: иман, сенiм, қызмет, қала, салық. Мұны былай түсiндiре кетейiн.

Дiндегi Аллаға иман келтiру сияқты мемлекеттi басқаруда да Аллаға деген имандылық - билiктегiлердiң бәрiне ортақ. Ал сенiмге келсек, дiндегi Аллаға деген сенiмдiлiк сияқты, мемле­кеттi басқаруда басшыға деген сенiмдiлiктiң болуы - заңдылық. Мәселен, Түркияның бұ­рын­ғы басшысы Ататүрiк қалай болды? Тұтас түрiктер Ататү­рiктiң Түр­кияны Еуропадағы беделдi ел қатарына қосатынына сендi. Сен­ген соң артынан ердi. Ол түрiк халқының се­нiмi­нен шықты. Мiне, негiзiнде, бiзде де солай болуы керек едi. Яғни тәуел­сiздiктен соң, Абылай ханды ұлт тұлғасы ретiнде көрсетiп, халықты иланымның төңiрегiне топтастыруымыз керек едi. Сонда ғана қазақтың рухы оянып, еңсесi тiктелер ме едi.

Ендi үшiншi таған - қызмет етуге келсек, дiнде ислам қағи­даттары бойынша, бес уақыттық намаз - парыз саналған. Мем­лекеттi басқарудағы «қызмет ету» дiндегiдей парыз болуға тиiс. Егер мен 2030 жылы Қазақстан Азияның барысы болады деген сөзге сенсем, онда осы ел үшiн мәңгi өшпейтiн еңбек сiңiрiп, қызмет етер едiм. Бұл жоспарға мемлекеттiк идеология сендiргiсi келдi. Бiрақ сонысына жете алмай отыр. Билiктiң сөзiнде жалғандық көп. Төртiн­шiсi - қажылық. Бесiншiсi - зекет. Бұл екеуi мемлекеттi басқарудағы салықтың рөлiн атқарады. Қажылық пен зекеттен түскен қаржы Мекке-Медине­нi көркейтуге жұмсалса, салықтан түскен қаржы да өз қалаларымыздың дамуына үлес қосуға тиiс.

Дiн арқылы мемлекет iшiнен мемлекет құрып отырғандар бар. Олар - секталар. Мәселен, олар­дың өз алдына мектебi мен институты жұмыс iстейдi. Олар­ға Қазақстанның туының жел­бiреп, әнұранының асқақтап тұруының бес тиынға керегi жоқ. Қаперiне iлмейдi. Сонан соң исламда: «Патшаға қарсы келуге болмайды», - деген сөз бар. Бұл - бүгiнгi бiздiң елдегi билiктiң жанына жағатын уағыз.

Бiрде елге танымал ақсақал Жағда Бабалықұлы кәдiмгi торғайдың ерлiгi жайлы әңгiме айтып, ұясына түскен жыланға тор­ғайдың көрсеткен өлермен қарсылығын тамсана сөз етiп:  «Қазақтар балапаны мен ұясы үшiн өлiмге барған торғайекеш торғайдай да болмадық қой», - деген болатын. Расы солай - ел мен жер, тiл мен дiл, дiнiмiз үшiн бiз торғай құрлы ерлiк жасап жүрген жоқпыз.

А.Ә: Бiздiң елдегi ислам дiнiнiң мақсаты айқын. Ол - мұсылмандық саясат. Қазақтың тамырын жою, ұлттық дәстүрiн ұмыттырып, мәңгүрттендiру - мұсылмандық идеяның терiс қыры деп бiлемiн. Мұсылмандар үшiн жетi шелпек пiсiрiп, аруақ­қа құран бағыштамау керек немесе өлiмнiң артын күтiп, қырқын, нәзiрiн өткiзу - қателiк. Мұндайды iстеу Аллаға серiк қосқанмен бiрдей ұғым екен.

«Арғы дүниеге барғанда ұлтыңды сұрамайды, тек мұсылман болғаның керек», - дейдi бiр дiншiлдер. Негiзi, Құранда: «Алла адамдарды бiрiн-бiрi танысын деп ұлтқа, нәсiлге, жынысқа бөлген», - деген сөз айтылады. Ендеше, бұл арада да қателiк бар.

Iнжiлдегi Бабыл мұнарасы жайлы аңызда мынадай әңгiме айтылады. Адамдар Бабыл Мұ­на­расын салып жатады. Мұнара биiктегенде, Құдай құрылысты тоқтату үшiн, адамдарды әртүрлi тiлде сөйлетедi. Сөйтiп, адамдар бiрiнiң тiлiн бiрi түсiнбей, жұ­мыс тоқтап қалады. Мiне, Қа­зақстандағы дiн мәселесi де дәл осы Бабыл мұнарасының күйiн кешуi мүмкiн. Өйткенi басқа дiндi айтпағанда, исламның өзi iшiнен қырық құраққа бөлiнiп жүр. «Бөлiп ал да, билей бер» деген - осы. Бiздi рухани тұрғыда жаулау өте оңай. Яғни бiз дiн арқылы рухани тұрғыда отарланып бара жатырмыз. Кезiнде Англия генетикалық тұтас бiр халық - үндiстердi отарлағанда екi түрлi дiнге бөлiп, Пәкiстан мен Үндiстанға айырды. Бiздiң елде де осындай қауiп болуы әбден мүмкiн. Сондықтан санасы әлi қалыптаса қоймаған жастарды исламның дұрыс жолына салуға үлес қосуымыз керек.

Дiн ұстанған қыз-жiгiт­тер өзара шүйiркелесе қалғанда: «Сен қай масхабтансың?» - деп сұрайды. Бұл - қай рудың адамысың деген сияқты әңгiме ғой, яғни бұл бөлiну емей, немене?

 

Далалық дәстүрге сай дiн керек


Ж.Ш: Ислам дiнi бiздiң ұлттық мүддемiздi, ұлттық ерекше­лiгiмiздi жойып бара жатыр деген пiкiрлер айтылады. Осының ақ-қарасы қандай? Сонымен бiрге дiндегi «сопылық iлiм» туралы дау көп. Бiр қарағанда, сопының сөзi қазақтың төл танымына жақын сияқты көрiнедi. Неге?

А.Ә: Қазақ даласына келген ислам дiнiн бiз өзiмiздiң далалық мәдениетiмiзге, көшпендi өмiрiмiзге бейiмдеп қабылдадық. Бiздiң ұлттың дәстүрiмiз исламға үйлеспесе, онда бiз оны қабылдамас едiк қой. Ал бұл - қазақы бөрiк, кимешек, шапан исламда үйлесiм тапты деген сөз.

Сөйте тұра, исламның қағи­да­ларын пайдаланып, қазақтың тарихтан сыны кетпей жалғасып келе жатқан дәстүрлi өнерiн жоққа шығарушылар кездесiп жүр. Олар үшiн ән айту, домбыра тартып, қобызда ойнау - жынның тiрлiгi екен. Бұл ло­ги­калық тұрғыда көзге көрiнiп тұрған қателiк қой. Сондықтан оны зерт­теп, оған жауап қатудың қажетi болмас деп ойлаймын.

Қ.Ә: Қазақ өз тарихында бiздiң дiндегi дәл бүгiнгi күйдi Қожа-Ахмет Яссауидiң тұсында бастан кештi. Егер мен бар қазаққа ортақ тұлға - Қожа Ахмет, Абай, Шәкәрiмдi айтсам, мен тарапында «зiкiр­шi» деген ұғым тумауы керек. Иә, Қожа-Ахмет Яссауидiң ке­зiн­де «сопылық iлiм» жарыққа шықты. Оны бүкiл түрiк ұлт­шыл­дары ұстанды. Бiзге де «сопылық iлiм» тү­рiк­терден келдi. Көшпендi қазаққа «сопылық iлiмнiң» тез сiңуi далалық мәде­ниетiмiзге бейiм болғандығынан шығар деп ойлаймын.

Ж.Ш: «Сопылық iлiм» туралы қоғамда жақсы пiкiр қалыптаспағаны анық. Дегенмен тарихи қалыптасқан мәдениетiмiзге, әлеуметтiк тұрмысымызға бiр­шама сай келетiн осы бағытты жоққа шығарғысы келетiндер­дiң мақсаты не болуы мүмкiн?

Қ.Ә: Қазiр халқымызда қа­зақ ретiнде қандай ерекшелiк қалды? Мәселен, киген кимiмiз ұлттық белгiмiздi бiлдiрмейдi. Дiнiмiздiң жайы белгiлi. Сонда қазақта ұлттық тұрғыда сақталған не бар? Тiлi ғана екен. Басқа ешбiр ерекшелiгiмiз қалмапты. Осы ұлттық ерекшелiгiмiздi насихаттауда ислам дiнi бiршама жұмыс iстеп жатыр. Мұны жоқ­қа шығара алмаймыз. Мәселен, қай мешiтке барсаңыз, ондағы имам-молдалар қазақы бас киiм, шапан киiп жүредi. Шариғатты да қазақша түсiндiредi. Тәуелсiз ел болғалы 20 жылдан берi үкi­меттiң қай ресми отырысы мешiттегiдей дәстүрде өттi? Жоқ! Демек, дiн осы жолда ұлттық мүддемiзге едәуiр қызмет етiп отыр.

А.Ә: Осы дiн жолында жүр­ген бiр азаматтардан: «Қазақ хал­қы әйелдi сыйлауды ислам дi­нi келгеннен кейiн үйрендi», - деген сөздi құлағым шалып қалды. Мұны қалай түсiнемiз? Сақтарды билеген Томирис патшайым кiм едi? Әйел заты ғой. Сол тарихтан бергi жүздеген-мыңдаған жылдардың қойна­уында қаншама қыздарымыздың ерлiгi, батырлығы, данышпандығы, еркекпен бiрге кеңес құр­ған теңдiгi жатыр. Эпостық жыр­лардан да қазақ өз қыздарын қадiр­легенiн, оларды пiр тұтқанын, тiршiлiктiң тiрегiн Анаға тiреге­нiн бiлемiз. Ежелгi жазбалар мен тарихқа сүйенсек, қазақ халқының ұлттық мәде­ниетi - ислам дiнi келуден iлгерi қалыптасып қойған.

Билiкте отырған азаматтардың басым мұңы - билiк пен ақша. Олардың билiкте ұзақ уақыт қом жинауы үшiн, халықтың мәңгүрт болғаны тиiмдi. Халқы мәңгүрт болуы үшiн, өз iштерiнен алауыз болғаны абзал. Ақиқатында халық өз тамырын бiлiп, өткен тарихын таныса, онда рухы оянуы мүмкiн. Бұл билiктегiлерге жақпайды.

Қазiр мектептерде «дiнтану» пәнi оқытылғалы жатыр. Бiрақ одан қауiптенуiмiз керек. Өйт­ке­­нi «дiнтану» қай дiндi танытады? Мақсаты қандай? Бұған еш­кiм жауап бере алмайды. Дiн ар­қылы жас ұрпақ санасын улау - жауыздық. Қай жағынан алып қарасаңыз да, мектеп қабыр­ға­сындағы балаларға дiндi оқытуды ұлт болашағына қарсы iсте­лiп отырған қарекет деп түсiну қа­жет.

Қ.Ә: «Дiнтану» дегеннен шы­­ғады. Мен мектептi Алматы қаласында оқыдым. Бiзге «Самопознание» деген сабақ оқы­тылды. Яғни «өзiңдi-өзiң тану» пәнi. Кейiн зерттеп қарасам, сол пән Саентология дiнiн жарыққа шығарған Рональд Хаббардтың iлiмi екен. Бұл арада айтайын де­генiм - мектептерде «дiнтану» пәнi оқытылмай тұрып, дiни жобалар бiраз жылдың алдында бас­талып кеткен.

А.Ә: Дiндi сауда-саттыққа айналдыру үдерiсi де бой көрсете бастады. «Сетевой маркетинг» деген пәлекет исламға да ендi. Таяуда басын орамалмен тұмшалап алған бiр қыз: «Таза әрi нағыз мұсылман тауары», - деген соң, тiс пастасын алдым. Мақтауын жеткi­зiп айтты. Сөйтсем, пастаның жартысы - бос ауа. Тазалап жарытқаны да шамалы. Бiз сол тауарларды, яғни бұйымдар мен хиджабтарды сатып алу арқылы белгiлi бiр елдiң экономикасы үшiн қызмет етiп жатырмыз.

Ендеше, өз ұлттық экономикамыз қалай дамиды? Оған халық iшiнде сұраныс тудыратын идеология жетiспейдi. Сұранысқа орай халқымыздың төл киiмдерiн шығаратын өндiрiс орындарының жұмысы да жандана түсер едi.

 

Жұқамыр ШӨКЕ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 10 (47) от 10 марта  2010 г.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5531