Бакиевтен бақ тайды
Сонымен, айдың-күннің аманында алашыпқын болған айырқалпақты ағайынның арыны саябырсыды. Ақыры азаматтық соғысқа айнала жаздаған саяси дағдарысты шешуге әлем саясаткерлері ат салысты. Қырғызбен төскейде малы, төсекте басы қосылған қазақ билігі бұл іске білек сыбана кірісіп, араағайындыққа жүгінді. Кеше Ошқа барам ошарылып қалған, Роза Отынбаеваның жерлестерінен таяқ жей жаздаған Құрманбек Бәкиев ақыры елдестірген есті сөздерден аса алмай түнге қарай Таразға ұшып келді. Әлі де толық анықталмаған ақпараттар бойынша онымен бірге отбасы, жақын-жуықтары да келген сыңайлы. Тараздың әуежайында отырып отставкаға кетуге келісімін берді. Әрине, азаматтық соғыстың алдын алу үшін, қырғыз халқының тұтастығын сақтау үшін осылай істеуге ол міндетті.

Уақытша Үкіметтің басшысы Роза Отынбаева оның отставкасы қабылданғанын әрі Бәкиевтердің барлығына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы құжаттар бұрынғы президент Бәкиев бұқпантайлап келген Қазақстан тарапына тапсырылды. Әрине, Құрманбек Бәкиев өзіне Нұрсұлтан Назарбаев қамқорлық көрсетеді деп санайды. Тіпті, оған қазір-ақ көмектесуге Беларусь «батькасы» да құлшынып отыр. Дегенмен, 7-сәуірде басталып, соңы қанды қырғынға ұласып, 80 адамның өмірін қиған қақтығыстың себепшілерін жазасыз жіберуге қырғыздың уақытша үкіметі ынталы емес. Бүгін Астанаға қырғыз тарапынан Құрманбек Бакиевтің үлкен ұлы Маратты, бұрынғы премьер-министр Данияр Үсеновты, арнайы қызметтің басшысы Мұрат Сүталиновтарды қырғыз құқық қорғау органдарының қолына тапсыру туралы ресми құжаттар жолданды. Уақытша үкіметтің пікірінше, олардың барлығы Алматыда жүр әрі бұрынғы үкімет басшысының қазақстандық паспорты болуы мүмкін. Ал Құрманбек не Түркияға, не Латвияға бет алмақ.
Бек Датұлы.