Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1920 0 пікір 16 Сәуір, 2010 сағат 10:15

БТА банк өзінің еурооблигация иелерінің жиналыс өткізетін мерзімін жариялады

Алматы. 16 сәуір. ҚазТАГ - «БТА банк» АҚ өзінің еуропалық еншілестірмен шығарған еурооблигация иелерінің жиналыс өткізетін мерзімін жариялады.

«2010 жылы 12-ші сәуірде банктің еншілесі - BTA Finance Luxembourg S.A. мерзімсіз құнды қағаздары барлардың жиналысын 2010 жылдың 22-ші сәуіріне деп белгілегенін жариялады. 15-ші сәуірде банктің басқа еншілес қаржылық мекемесі - TuranAlem Finance B.V. облигация иелерінің 2010 жылғы 5-ші мамырға белгіленген жиналысын өткізді. Егер осы жиналыстардың қайсысы болмасын кворум болмауы себепті кейінге қалдырылса, онда жиналыс өткізетін келесі күн 2010 жылғы мамырдың 24-сі деп белгіленеді», - делінген жұма күні таратылған ақпараттық хабарда.

Хабарда айтылғандай, еуробондтардың иелерінің биылғы 28-ші мамырға белгіленген жиналысының мақсаты «кредиторлардың жиналысында банктің қарыздарын қайта құрлымдау жоспарын бекітуге көмек көрсету».

Кредиторлармен кездесу аясында банк қарыздарын қайта құрылымдау жоспарын дауысқа салу жоспарланған.

БТА банкі активтерінің көлемі жағынан қазақстанның банк жүйесіндегі үшінші банк болып табылады. ҚБА деректеріне сәйкес, 2010 жылдың қаңтар-ақпан айында банктің активтері - Т1,99 трлн теңге, жеке капиталының тапшылығы - 1,49 трлн теңге болды. Аталған мерзімдегі банктің таза шығыны Т13,65 млрд болды. 2009 жылдың 2 ақпанында банктің қарпайым акцияларының «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ пайдасына мәжбүрлеп эмиссияланғаны туралы хабарланды.

2009 жылдың 20 сәуірінде банк өз кредиторларына негізгі қарыз бойынша төлемдерді тоқтата тұратындығы және банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жоспары жайында хабарлады. 21 қыркүйекте банк пен кредиторлар комитеті арасында қарыздарды қайта құрылымдауға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 26 қыркүйекте ҚБА БТА банктің нұсқасындағы банк қарыздарын қайта құрылымдау туралы жоспарды мақұлдады. 2009 жылдың 30 қазанында БТА банк акциялары KASE-де делистингтелді. 10 қарашадан бастап БТА банктің акциялары KASE-нің «листингті емес құнды қағаздар» секторында саудаға жіберілді. 7 желтоқсанда БТА банк кредиторлар комитетімен банктің қарыздарын қайта құрылымдау мәселелері бойынша келсімге келгенін хабарлады.

2009 жылы банк $4 млрд-қа міндеттемелерін төлеуі керек болған. Банктің бірлескен қарызы $12 млрд шамасында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5531