Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2410 0 пікір 21 Сәуір, 2010 сағат 14:04

Бішкектегілер Бакиев өз еркімен отставкаға кететіндігі туралы мәлімдемесінен бас тарту арқылы Қазақстанды, қырғыз халқын және әлем қауымдастығын ұятқа қалдырды деп есептейді

Алматы. 21 сәуір. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиев өз еркімен отставкаға кететіндігі туралы мәлімдемесінен бас тарту арқылы Қазақстанды ғана емес, қырғыз халқын және әлем қауымдастығын ұятқа қалдырды, деп мәлімдеді ҚазТАГ агенттігіне берген жеке сұхбатында Қырғызстан уақытша үкіметінің төраға орынбасары Темір Сариев.

«Ол (Бакиев - ҚазТАГ) өзінің бас тартуы арқылы ЕҚЫҰ төрағасы ретіндегі ел, тек Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ғана емес, сонымен қатар өзінің қырғыз халқын және әлем қауымдастығын шатастырып отыр. Қазір бізге белгілі болғандай, Бакиев өзінің отставкаға кететіндігі туралы мәлімдемесіне қойған қолынан бас тартып отыр», - деді ол.

Бұл ретте Қырғызстан уақытша үкімет өкілі экс-президенттің әрекетінің сипатын сынады. «Қырғызстаннан ұшып кету керек болғанда ол барлық шарттармен келісті. Ал енді не? Қазақстаннан кетіп алып, ол тіпті басқаша сөйлеп жатыр. Ол адамға сенуге болмайды! Оның мәлімдемесі біздің Қазақстанмен қарым-қанытасымызға, сондай-ақ әлем қауымдастығының пікіріне әсер етпейді», - деп атап көрсетті Т. Сариев.

Оның айтуынша, жақын арада Қырғызстан билігі Қ. Бакиевтің президенттіктен кететіні туралы өтінішінің түпнұсқасын қолтаңбалық сараптамаға жібермекші.

«Отставкаға кететіндігі туралы өтінішті Қ. Бакиев куәлардың көзінше жеке өзі жазды. Онда (Қазақстандағы Тараз қаласында - ҚазТАГ) Қазақстан елшісі және ЕҚЫҰ-ның арнайы өкілі Жаныбек Кәрібжанов болды. Ол солардың көзінше жазды. Және олар оны растай алады. Біз өтінішті сараптамаға береміз», - деді Т. Сариев.

Бұл ретте уақытша үкімет өкілі Қ. Бакиевке, мұндай мәлімдеме жасаудың алдында қырғыз халқынан кешірім сұрасын деген кеңес берді.

«Мен, Бакиев жоқ лауазымға тырмысып, жабыспай, өз халқынан кешірім сұрауы тиіс деп ойлаймын. Халық «Бакиевке жол жоқ, уақытша үекіметті қолдаймыз» деген өз сөзін айтып та қойды. Жақын арада біз референдум өткізбекшіміз, оның ішінде конституциялық референдум өткізіп, сондай-ақ Қырғызстанда ашық та адал сайлау өткізбекшіміз. Ал Бакиев болса, елді тастап кетіп алып, енді бір нәрсе деп мәлімдеме жасап, Қырғызстанда бүлікшіл оппозиция құрмақшы.  Мен не дерімді білмеймін!», - деп ашуланды Т. Сариев.

Бұрын хабарланғандай, Қырғызстанның экс-президенті Қ. Бакиев сәрсенбі күні Минскіде шетелдік журналистердің алдында сөз сөйлеп, отставка туралы өзінің мәлімдемесінен бас тартты.

«Мен, Құрманбек Бакиев, Қырғызстанның заңды сайланған және әлем қауымдастығы мойындаған президентімін. Мені өзімнің берген антымнан бас тарттыратын ешқандай күш жоқ, және мені тек өлім ғана тоқтата алады», - делінген оның мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, 16-ші сәуірде Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Бейбіт Исабай мен ЕҚЫҰ-ның арнайы өкілі Ж. Кәрібжанов Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиевтің отставкаға кететіндігі туралы өтінішінің түпнұсқасын уақытша үкімет басшысы Роза Отунбаеваға тапсырған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420