Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 5538 0 пікір 15 Мамыр, 2014 сағат 17:14

«Қазақстан Қытай азаматтарына жалға жер берді»

ЖЕР ЖАЛҒА БЕРІЛІП ҮЛГЕРІПТІ БІРАҚ БҰЛ ҚАДАМЫМЫЗДЫ ТАРАЗЫЛАП АЛДЫҚ ПА?

«Қазақстан Қытай азаматтарына жалға жер берді» деген тақырыппен ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің ресми сайтында ақпарат жарық көрді. 

Ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ҚР Премьер-министрінің бірінші  орынбасары Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметі орталығында өткізген брифингінде осы мәселе жайында хабарлаған. 

«Жер учаскелері тек Қытай Халық республикасы азаматтарына ғана емес, Ресей азаматтарына да, өзге мемлекеттің азаматтарына да бөлініп отыр. Демек, бұл жерде ешқандай проблеманы көріп отырған жоқпыз», – деген Бақытжан Сағынтаев мырза Қазақстан Республикасының Жер Кодексі бойынша шетел азаматтарына немесе шетел компанияларына жер телімдерін жалға беруге тыйым салынбағандығын атап өтті. 

«Екінші мәселе, жерді шетел азаматына жеке меншікке беру. Жер кодексі бойынша – шетел азаматына жер телімдері тек он жылға ғана жалға беріледі. Олардың жекеменшігіне жер сатылмайды. Сол себепті де, мәселен, Ақмола облысында, Шығыс Қазақстан облыстарында біз жер телімдерін ауылшаруашылығы мақсатында пайдалануға бөлдік. Олар қашан берілгенін, қанша гектар жер бөлінгенін біз білеміз», –  деген ол. 

Естеріңізде болса, осыдан бір-екі жыл бұрын Қытайға жер телімдерін ауылшаруашылығы мақсатында пайдалану үшін 1 миллион гектардың жалға берілетіні жайлы ақпарат тараған болатын. Алайда, бұл қазақ азаматтары тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады. Сөйтіп, қазақ үкіметі бұл ақпаратты жоққа шығаруға мәжбүр болған. Мәселенің ізі суығандай болғанымен, биыл ақпан айында Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы шетелдіктерге жердің жалға берілетіндігі жайында тағы қайталады.

«Қазақстанда жұмыс күшi жетiспейдi, қытай қаптап кетедi дейдi. Мың шақырым құбыр тарттық, Өзбекстаннан берi қарай мұнай құбырын салдық. Мың қытай бiр жылда салды. Құбырды салып бiтiрген соң бiрi қалмай кеттi. Неден шошитыны бар?! Бiр жылдың iшiнде мың шақырым құбырды кiм салады, айтыңдаршы?! Бұл мәселенi шешу үшiн не қажет? Заңнаманы өзгерту керек пе, үкiметтiң шешiмi қажет пе? Осыны шешейiк. Жердi жалға берудi 10 жыл деп белгiледiк. Батыста 9 жылдан бастап елу, жүз жылға бередi. Он жыл дегенге кiм келедi? Бұл жалға беру ғой, несiне қорқамыз? Неге жердi дұрыс пайдаланбаймыз? Бiзден арабтар жер сұрап жүр. Қытайлар да “жалға жер берiңдер, өнiм өндiрейiк” дейдi. Айтпақшы, мына көршi Қытайда нашар жағдайдың өзiнде гектарына 30 центнер өнiм алады. Бiз олардан кембiз бе?» – деген едi Н.Назарбаев.

Бұл мәлімдемеге халық қатты наразылық таныта қоймаған болатын. Енді, міне, жердің жалға беріліп үлгергендігі жайында ақпарат таратылып отыр. 

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

"Түркістан" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320