Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3360 0 пікір 26 Сәуір, 2010 сағат 05:23

Шығыс Қазақстанда Жеңістің 65 жылдығына орай мұрағат материалдарының екі жинағы жарық көрді

Өскемен. 26 сәуір. ҚазТАГ - Өскеменде Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында мұрағат материалдарынан құрастырылған «Ұлы отан соғысы жылдарындағы Шығыс Қазақстан. 1941-1945жж» және «Кеңестік ақпарат бюросынан» атты екі жинақ жарық көрді. Басылымдардың таралымы - 100 дана.

Шығыс Қазақстанның облыстық мұрағат басқармасының хабарлауынша, ШҚО мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері дайындаған жинақтардың әрқайсысы 300-ден аса құжаттан құралған. Оның ішінде облыстың соғыс жылдарындағы тарихы туралы есептер, циркулярлар, нұсқамалар, бұйрықтар, статистика мәліметтері бар. Мысалы, «Ұлы отан соғысы жылдарындағы Шығыс Қазақстан. 1941-1945жж» жинағына эвакуацияланғандардың және арнайы көшірілгендердің мобилизациясы, оларды орналастыру, госпитальдер мен кәсіпорындардың орналасуы бойынша және халықтың майданға көрсеткен көмегі туралы құжаттар енгізілген.

«Бірінші жылы әскери шығындар 9 млрд рубльға жуық, екінші жылы 10 млрд рубль болған. Мұндай қаржыны жинау үшін халық арасында лотерея ойындары өткізіліп, әскери займдар алынған. 1942 жылы Өскеменде ғана займның алғашқы сағатарында ғана 6,5 мың адам 2,6 млн рубль сомаға қол қойған, ал Лениногорскіде 5 млн рубль сомаға қол қойған. Біз ұлы Жеңістің қандай кірпіштерден қаланғанын көрсету үшін осы құжатты жарияладық», - деп мәлім етті басқарма бастығының орынбасары Алмагүл Сүлейменова.

«Кеңестік ақпарат бюросынан» жинағы соғысқа қатысқан жүз шығысқазақстандықтың естеліктері, биографиялық материалдары мен фотосуреттерінен құрастырылған. Мысалы, соғысқа атақты мұғалім, Марқакөл ауылының тұрғыны Боран Құмаш Нұрғалиев, Кеңес Одағының батырлары Павел Журба, Сергей Гуляев және т.б. туралы жазылған.

«Екі кітап та туған өңірдің тарихы қызықтыратын оқырмандарға арналған. Мұрағат материлдары үнсіз болғанымен, объективті. Олардың көмегімен өткен өмір туралы мәлімет алуға болады», - дейді А. Сүлейменова.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371