Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5998 0 пікір 28 Сәуір, 2014 сағат 11:48

"ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ": 4 БАЛУАН ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

«Қазақстан Барысы» турнирінің төртінші маусымына іріктеу жалғасуда. Бүгінге дейін финалға жолдама алған 4 балуанның есімі анықталды. 

Қызылорда облысындағы іріктеу сынында Руслан Әбдіразақов қамшы салдырған жоқ. Өткен жылы көлденең жарақаттың салдарынан жобадан тыс қалған Руслан биыл бабында екенін байқатуда. Финалдық бәсекеге Русланмен бірге Айбек Серікбаев та қатысады. Бүгінде олар дайындықты бастап кетті. Ал 2011 жылғы «Қазақстан Барысы» Ұлан Рысқұл биылғы финалдан көре алмаймыз.  

-          Бүгін мен ұтылып қалдым. Әрине, бірінші кезекте жарақатым әсер етті. Оның үстіне, дайындығым да керемет болған жоқ. Енді  бар күшімді Руслан мен Айбектің алаңсыз жаттығуына саламын. Қызылорда облысының балуандары биылғы бәсекеде аянып қалмайды - дейді Ұлан.

Шыны керек, Қызылорда облысы турнирге іріктеу кезеңдерін ұқыпты өткізетін көшбасшы аймақтардың бірі. Облыс басшылығы бірінші орын алған Руслан Әбдіразақовқа 1 550 000 теңге, Айбек Серікбаевқа 850 000 теңге табыс етті. Екі балуан да «Қазақстан Барысының» финалына екінші рет қатысқалы отыр.

 

Руслан Әбдіразақов,  «Қазақстан Барысы-2014» жобасының финалисті:

-          Жеңіске жеткенім үшін қуаныштымын. Бұл жеңіс маған оңай келген жоқ. Бір жыл бұрынғы жарақатым әлі толықтай жазыла қойға жоқ. Әлі күнге дейін сыр беріп тұрады. Бірақ, биыл мені ештеңе де тоқтатпайды. Құдай қаласа, бар күшімді салып чемпион атанғым келеді, - дейді Руслан.

 

Павлодар облысында да «Қазақстан Барысына» іріктеу кезеңінің үшінші айналымы аяқталды. Өткен жылы финалда бақ сынаған Самир Мамедов облыстық сында үшінші орын алып, биылғы додаға қатысу құқынан айырылды. Ал  финал жолдамасына Павлодар облысының үздігі, «Асау» лақап атымен танымал Дархан Жоламанов пен қазақ күресінің жас әрі талантты өкілі Батырхан Жүнісов ие болды. Павлодар облысындағы жүлде қоры 1 300 000 теңгені құрады (1 орын – 700 000 теңге, 2 орын – 400 000 теңге, 3 орын – 200 000 теңге).

 

- Үнемі «Қазақстан Барысы» турнирін бақылап жүруші едім. Биыл жеңіске жетіп, финалға жолдама алудың сәті түсті. Сол үшін өте қуаныштымын. Ең қиын белдесу деп Дархан Жоламанов және Самир Мамедовпен болған кездесуді айтар едім, - дейді Батырхан.

 

Финалға жолдама алған балуандар туралы қысқаша мәлімет:

 

Қызылорда облысы:

 

Руслан Әбдіразақов, «Сыр Барысы»

Бойы:  197 см

Салмағы:  117 келі

Туған жылы:  1988 жыл

Спорттық атағы:  қазақ күресінен спорт шебері

Бапкері: Садық Мұстафаев

 

Айбек Серікбаев, «Сыр Арланы»

Бойы:  190 см

Салмағы:  103 келі

Туған жылы:  1993 жыл

Спорттық атағы:  қазақ күресінен спорт шебері

Бапкері:  Әділбек Серікбаев

 

Павлодар облысы

 

Дархан Жоламанов, «Асау»

Бойы:  179 см

Салмағы:  103 келі

Туған жылы:  1986 жыл

Спорттық атағы:  қазақ күресінен спорт шебері

Бапкерлері: Нұрлыбек Ермағанбетов, Мейрам Хамзин

 

Батырхан Жүнісов, «Тұлпар»

Бойы: 173 см

Салмағы:  90 келі

Туған жылы:  1993 жыл

Спорттық атағы: -

Бапкері: Серік Досымханов

 

 Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343