KazSat-3 ЗЫМЫРАНЫ ҰШЫРЫЛДЫ
Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «ҚазСат-3» зымыраны ұшырылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Айлақтан «ҚазСат-3» спутнигімен қатар «Луч-5B» спутнигін «протон-м» зымыраны алып ұшқан. Зымыран Астана уақыты бойынша 10:25 уақытында іске қосылды. Айта кетейік бұл Қазақстан атынан ұшырылған 3- жер серігі. Бұған дейін «ҚазСат-1» мен «ҚазСат-2» ұшырылған болатын. 2006 жылы ұшырылған «ҚазСат-1» жұмысқа қаблетсіз болып қалған. Оның салдарынан 2009 жылы ұшырылуға тиіс «ҚазСат-2» 2 жыл кешіктіріліп 2011 жылы ұшырылды. Қазіргі таңда «ҚазСат-2» ойдағыдай жұмыс істеп тұр. Ал «ҚазСат-3»тың жұмыс істеу қабілеті алдыңғыларынан анағұрлым жақсы болады деп күтілуде. Алдын ала жоспар бойынша Қазақстандық телекоммуникация саласы үшін жұмыс істейтін «ҚазСат-3»тың жұмыс жарамдылығы 15 жыл. Аталған қазақстандық жер серіктерінің үшеуі де Ресейде жасалған.
Абай-ақпарат