Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5368 0 пікір 28 Сәуір, 2014 сағат 11:38

КОНФЕРЕНЦИЯ: ОҚУЛЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ

2014 жылдың 28 сәуірінде сағат 15.00-де Алматы қаласындағы «Тұран» университетінің Мәжіліс залында Қазақстан Жоғары оқу орындарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне арналған IХ Республикалық конференция өтеді. Конференцияны ҚР Жоғары оқу орындары Қауымдастығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр. Конференцияға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Балықбаев Тақир Оспанұлы қатысады.

Жоғары оқу орындарын оқулықпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жыл сайын ұйымдастырылатын конференциялардың мақсаты жоғары оқу орындарына арналған кітап өнімдерін ғылыми тұрғыда сараптан өткізіп, дайындау, аудару, басып шығару мәселелерін ортаға салу.

        Конференцияның күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылға арналған Тақырыптық жоспары аясында базалық оқулықтар шығару мен шетелдік оқулықтарды мемлекеттік тілге аударылу ісінің орындалу барысы;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы Тақырыптық жоспары аясында базалық оқулықтар шығару мен шетелдік оқулықтарды мемлекеттік тілге аудару жайы мен жоспарды жүзеге асыру мәселелері;
  • Оқулық авторлары мен баспа ісін ұйымдастырушыларды марапаттау.

Конференция жұмысына ҚР Парламент Мәжілісінің  депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ЖОО-лардың ректорлары мен ғалымдары,  ЖОО кітапханалары директорлары, баспагерлер, оқу-әдістемелік бөлімдердің мамандары, жаңа шыққан отандық және шетелдік оқулықтардың авторлары мен авторлық ұжымдар, аудармашылар, жалпы зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Конференция барысында тақырыптық баяндамалар жасалып, талқылаулар өтеді.

Өткізілетін орны:

Алматы қаласы,  «Тұран» университеті,

Сәтбаев к-сі 16-18-18а

Бас ғимарат, Мәжіліс залы.

Тіркелу: 14.00-ден

Тел: 8 (72 72) 2 62 14 28

e-mail: avrk@mail.ru

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341