«ҚазАгроҚаржы» 2010 жылы АӨК-ті Т54,9 млрд көлемінде қаржыландырмақшы
Алматы. 27 сәуір. ҚазТАГ -«ҚазАгроҚаржы» АҚ (ҚАҚ) 2010 жылы республиканың агроөнеркәсіптік кешеніне (АӨК) шамамен 54,9 млрд. теңге инвестициялауды жоспарлап отыр, оның 35 млрд. теңгесі - Ұлттық қор қаражатынан, делінген сейсенбі күні ҚАҚ таратқан хабарда.
«Қаражат ауыл шаруашылығы техникалары мен арнаулы техникалар, қайта өңдеу абдықтарын сатып алуды қаржыландыруға қамтылған. Сондай-ақ Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландырға бағытталған», - деп көрсетілген ақпараттық парақшада.
Құжатта айтылғандай, республиканың агроөнеркәсіптік кешеніне инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» компаниясына жалпы сомасы 86 млрд. теңгеге 70 өтінім келіп түсті. Оның ішінде бүгінгі таңда ірі-тауарлы сүт фермаларын құру бағытында Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай облыстарының шаруашылықтарынан келіп түскен 3 өтінім мақұлданды.
Сонымен бірге ет бағытындағы құс фабрикасын салуға 6 өтінім, сонымен қатар Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерін ұйымдастыру бойынша 2 өтінім мақұлданды.
Көкөніс қоймаларын салу бағыты бойынша 5 жоба, жылыжай кешендері бойынша 4 жоба және тамшылатып суару жүйесін енгізу бойынша 1 жоба мақұлданды. Оның ішінде 11,8 млрд. теңгеге 13 жоба ендігі қаржыландырылып та қойған.

Қорыта келгенде, ҚР агроөнеркәсіптік кешеніндегі алты перспективалық бағытта (республикада ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жоғары технологиялы жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының желілерін құру және дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру бойынша өндірістер ұйымдастыру, сонымен қатар тамшылатып суару технологиясын енгізу) инвестжобаларды қаржыландыру шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ жалпы сомасы 22,6 млрд. теңгеге 21 жоба мақұлдады. Қазіргі кезеңде 30,7 млрд. теңгеге 24 жоба қаралу үстінде.
Еске сала кетсек, ҚАҚ қаржыландырып отырған АӨК-ні дамытудың 6 перспективалы бағытына республикада ірі тауарлы - сүт фермасын, ет бағытындағы құс фабрикаларын, жоғарғы технологиялық жылыжай шаруашылығын, көкөніс сақтау қоймаларын салу, ауыл шаруашылық техникаларын жинақтауды ұйымдастыру, сондай-ақ тамшылап суғару технологиясын енгізу жатады.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ - ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты - ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге қаржы қаражаттарын, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылық техникалары мен технологиялық жабдықтарын алуға қолайлы жағдай жасай отырып, республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ құрамына енеді.